СҚО-да 200-ден астам ауылды сапалы ауызсумен қамтамасыз ететін 9 жоба жүзеге асырылып жатыр

СҚО-да 200-ден астам ауылды сапалы ауызсумен қамтамасыз ететін 9 жоба жүзеге асырылып жатыр

​Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысына барып, өңірде іске асырылып жатқан жобалардың барысымен танысты. Қазіргі уақытта облыста 200-ден астам ауылды ауызсумен қамтамасыз етуге бағытталған тоғыз жоба жүзеге асырылып жатыр.

​Ведомство басшысы Көкшетау топтық су құбырынан Айыртау және Шал ақын аудандарындағы 24 ауылға дейін ұзындығы 220 шақырым болатын су тарту жүйесінің құрылыс жұмыстарымен танысты. Бұл жоба аяқталуға жақын, мердігер ұйым негізгі жұмыстардың барлығын орындап болды. Қазір нысанды пайдалануға беру жұмыстары қолға алынған.

​Су ресурстары және ирригация министрлігі өңірде үш жаңа ауызсу жүйесін іске қосқанын еске сала кетейік. Нәтижесінде 22 мың адам тұратын СҚО-ның төрт ауданындағы 42 ауыл орталықтандырылған су жүйесіне қосылу мүмкіндігіне ие болады.

​Оған қоса, Булаев топтық су құбырынан Тайынша және Ақжар аудандарындағы елді мекендерге дейін су тартуды көздейтін екі жоба жоспарланған мерзімінен 1,5 жыл бұрын толық аяқталды.

​Есіл ауданында министр Преснов топтық су құбырын қайта жаңғырту жұмыстарының барысымен танысты. Жоба аясында негізгі құрылысжайларды реконструкциялау, ұзындығы 171 шақырым болатын магистральдық құбырлар мен тармақтарды жаңарту және салу, 52,6 шақырым тарату желілерін жүргізу, сондай-ақ 15 қысым реттеу және су тарату алаңдарын салу көзделген.

Бұл жобаның нәтижесінде облыстағы 15 ауылдың тұрғындары таза ауызсуға қол жеткізеді. Бұл ауылдарда шамамен 21 мың адам тұрады. Нысанды 2026 жылы пайдалануға беру жоспарланып отыр. Қазірдің өзінде 170 шақырым су құбыры мен оның тармақтары тартылған, негізгі нысандардағы жұмыстардың 73%-ы орындалды. 13 ауылдағы жұмыстар аяқталуға жақын, ал төрт ауылға сынақ түрінде су беріле бастады.

Қызылжар ауданында Нұржан Нұржігітов Соколов топтық су құбырын реконструкциялау жұмыстарымен танысты. Қазіргі уақытта жоба қамтитын 10 ауылдың барлығында жұмыс жүргізіліп жатыр. 59,6 шақырымның 57,6 шақырымы бойынша су тарту тармақтары, ал 77,7 шақырымның 76,2 шақырымы бойынша тарату желілері салынды. Үш ауылға сынақ режимінде су беріле бастады. Бүгінде тарату желілерін, су құбыры құрылыстарының алаңдарын және су тарату пункттерін орнату бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

«Мемлекет басшысы халықты сапалы ауызсумен 100 пайыз қамтамасыз ету міндетін қойды. Сондықтан барлық жобаны уақытылы әрі сапалы орындау үшін бар күшті салу қажет. Министрлік өз тарапынан барлық қажетті қолдауды көрсетеді. Тәжірибе көрсеткендей, мұндай ауқымды жобаларды сапаға нұқсан келтірмей, мерзімінен бұрын аяқтауға болады», - деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Бұдан бөлек, министр Қызылжар ауданындағы Прибрежное ауылындағы қорғаныс бөгетін жөндеу барысымен де танысты. Ұзындығы 5 шақырым болатын нысанда бөгетті нығайту, топырақ жеткізу және темірбетон плиталарын орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жобаны осы жылдың желтоқсан айының басына дейін аяқтау жоспарланып отыр. Сондай-ақ ұзындығы 4,6 шақырымнан асатын Тепличное ауылының қорғаныс бөгетінде де осындай жұмыстар атқарылып жатыр.

10.11.2025

Ұқсас жаңалықтар

АҚТӨБЕДЕ – АУЫЛДЫҢ ЖҮГІ, «AQTOBE»-ДЕ  – ДӘУІРДІҢ ҮНІ
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының бас редакторы - 22.10.2025 822

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 19726
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 19543
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 34667
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 33245
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 37058