ШҚО- да «AMANAT» партиясы өңірлік құсбегілердің мәселесін көтерді

ШҚО- да «AMANAT» партиясы өңірлік құсбегілердің мәселесін көтерді

 

 «AMANAT» партиясының  Шығыс Қазақстан  облыстық филиалы жанындағы  «Miras» аймақтық кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Жиынның күн тәртібінде «AMANAT» партиясының  Шығыс Қазақстан  облыстық филиалының «Өзгерістер жолы әр азаматқа лайықты өмір» атты сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыруға арналған Жол картасының 101, 102 тармақтарымен соңғы жылдары сәтті жүзеге асырылып кележатқан ақын жазушыларды қолдауға арналған «Абай әлемі»  кітаптар топтамасын жарыққа шығару бойынша  2022 жылға арналған жұмыс жоспары және өңірдегі құсбегілердің мәселесі талқыланды. 

  • «Miras» аймақтық кеңесі мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарының жергілікті деңгейде мәдениет, өнер, тарихи-мәдени мұраны сақтау және дамыту саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатын іске асыруды және партияның сайлауалды бағдарламасында көрсетілген мәдениет, тіл,  ұлттық құндылықтарға байланысты жұмыстардың жүйелі жүргізілуін қадағалайды,- деді кеңес төрағасы Хуанбай Әкерхан.

Аймақтық кеңестің отырыстарында Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасының, Білім басқармасының, Дене шынықтыру және спорт басқармасының осы жылдың соңғы үш айында атқарған жұмыстары бойынша есептері тыңдалды.

- «Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы аясында облыс әкімі Даниал Кенжетайұлының бастамасымен «Абай әлемі» кітаптар топтамасын жарыққа шығару 2018 жылдан бері жалғасуда. Жоба басталған уақыттан бері 69 атаулы кітап, 152 189 данамен басылып шықты. Жарық көрген кітаптармен ШҚО қарасты кітапханалардың қоры қамтамасыз етілді. Оның ішінде 17 ауылдық кітапханаларға 75 300 дана кітап берілді. Өткен 2021 жылғы басылым ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналды. Онда өңір қаламгерлерінің 18 кітабы 9 000 данамен басылып шықты. Биылғы 2022 жылы жобаның жүзеге асыру мақсатында 30 млн. теңге сомасында бюджеттік қаражат көзделген. Аталған жоба аясында 12 автордың 

13 кітабын, барлығы 6 500 (әр кітап 500 данадан) дана кітапты шығару жоспарланған, - дейді ШҚО мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Роза Әшімханқызы.

Қазақ халқының ұлттық құндылықтарының бірі  құсбегілік болса  бүгінгі өткен «Miras» аймақтық кеңесінің отырысында осы мәселе көтеріліп Шығыс Қазақстан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының құсбегілікті қолдау бойынша атқарып жатқан жұмысының нәтижесі тыңдалды.

Ұлттық спорт түрі-бүркітшіні дамыту мақсатында ШҚО-да облыстық және республикалық деңгейдегі жарыстар өткізіледі. 2021 жылғы 26 ақпан мен 3 наурыз аралығында Өскемен қаласында бүркітшілер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты ұйымдастырылды және өткізілді. Жарысқа республиканың 12 облысынан спортшылар қатысты. Чемпионат қорытындысы бойынша Шығыс Қазақстан облысының құрама командасы 1 жалпыкомандалық орынға ие болды. Сонымен қатар осы жылыда біз облыс көлемінде бүркітшілердің чемпионатын өткізуді жоспарлап отырмыз,- деді ШҚО  Дене шынықтыру және спорт  басқармасының дене шынықтыру бөлімінің басшысы Фархад Әнуарбекұлы.

Отырыс соңында сөз алған кеңес мүшелері  ұлттық спортты қолдауға арналған игі бастаманы дәстүрлі түрде жыл сайын өткізу қажеттігін  жеткізді. Сонымен қатар облыстық мәдениет басқармасына өңірдегі жас жазушы, ақындармен жүйелі жұмыс жасап оларға қолдау көрсету қажет екендігін атап өтті.

 

 

Тәттімбек Асханұлы ШҚО Өскемен қаласы
14.06.2022

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 39
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 74
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 34
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 75
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 27
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 58
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 185
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 188
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 403
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 366
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 985

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9062
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8459
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11686
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9448
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10666