ШҚО- да балалар үйінің тәрбиеленушілеріне тегін оқу гранттары табысталы

ШҚО- да балалар үйінің тәрбиеленушілеріне тегін оқу гранттары табысталы

2022 жылдың 14 маусымында «AMANAT» партиясының Өскемен қалалық филиалы мен Шығыс Қазақстан облыстық волонтерлер фронт-офисімен бірлесіп «Үміт» балалар үйінің тәрбиеленушілерімен  қайырымдылық концертін өткізеді.

Мемлекет басшысы Қасым - Жомарт Тоқаев 2022 жылды «Балалар Жылы» деп жариялады. Президент өз сөзінде  балаларға ерекше назар аудару керектігін, өйткені олардың әл-ауқаты Қазақстанның табысты болашағының сенімді кепілі екенін. Сондай-ақ, балалар жылы «Ұрандар мен мерекелік іс-шараларды өткізу емес, ең алдымен, билік органдары тарапынан балаларды қорғау мақсатында, денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру саласында нақты шаралар қабылдау» дегенді білдіреді. Өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуы мен бақытты балалық шағы-біздің жалпыұлттық міндетіміз деп атап өткен еді. 

Осы мақсатты балаларды қолдауға арналған қайырымдылық концерті өткізілді. Қайырымдылық концертте жиналған барлық қаражат игі іске  – сырқат балалардың денсаулығын қалпына келтіруге, колледждер мен жоғары оқу орындарында білім алуға қолдау көрсетуге, өңір мен республика бойынша мәдени-танымдық сапарларды ұйымдастыруға және тағы басқаларға жұмсалады.

Игі шара барысында «AMANAT» партиясының мүшесі, Өскемен қалалық мәслихатының депутаты Төлеген Мұхтар «Үміт» балалар үйінің тәрбиеленушісі  Байжуминов Вадимге С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінде 4 жыл тегін оқуға грант табыстады. 

-Бүгінгі шараға қатысып үлкен толғаныспен шықтық. Балалардың барлығы өте таланты өнерлі балалар. Біз балаларды әрдайым қолдауымыз қажет. Олар елдің ертеңі, ғұмырымыздың жалғасы. «AMANAT» партиясы осындай игі шараны ұйымдастыруға мұрындық болып отыр,- деді Өскемен қалалық мәслихатының депутаты Мұхтар Әділбекұлы.

Сонымен қатар қайырымдылық шара барысында «AMANAT» партиясының мүшелері, мәслихат депутаттары баларға қаржылай қолдау көрсетті.

 

Тәттімбек Асханұлы ШҚО Өскемен
15.06.2022

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 39
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 74
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 34
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 75
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 27
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 58
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 185
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 188
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 403
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 366
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 985

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9062
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8459
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11686
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9448
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10666