ШҚО жол жасау бойынша жақсы көрсеткіштерге қол жеткізді

ШҚО жол жасау бойынша жақсы көрсеткіштерге қол жеткізді

ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-де әкімдердің қатысуымен өтетін баспасөз конференциясы кейде көшпелі форматта өтіп тұрады. 10 желтоқсан күні Өскемен қаласында облыс басшысы Ермек Көшербаевтің қатысуымен облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы брифинг болып өтті. Біз өз тарапымыздан онлайн мүмкіндіктер арқылы байланысқа шығып, 2024 жылы қаңтардан қазірге дейін жылға жуық уақыт ішінде облыста жүзеге асырылған ілкімді шаруалар туралы мәліметтермен таныс болған едік. Енді әкімнің баяндамасындағы ішінара мазмұндардан оқырман қауымды құлағдар етуді жөн көріп отырмыз.

– Биылғы жыл Шығыс Қазақстан үшін де еліміз үшін де тарихи оқиғалараға толы болды. Энергетика саласындағы мәселелерді түбегейлі шешу үшін АЭС салу бойынша референдумға облыс тұрғындарының 73 пайызға жуығы қатысып, оның ішінде 75 пайыздан астамы бастаманы қолдады. Бұл облыс тұрғындарының бірлігі мен болашаққа сенімін көрсетеді. Тағы бір маңызды оқиға Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін, Орталық Азиядағы ең ірі 1316 метрлік көпірдің ашылуы болды. Нысанның инфрақұрылымы жасалып, 19 шақырым жол салынды. Мемлекет басшысының тапсырмасымен салынған көпірдің өңір үшін стратегиялық маңызы зор, – деп сөз бастады Ермек Көшербаев.

Табиғаты тамылжыған Шығыс өңірінің әлеуетін еселей түсу үшін 2023 жылды облыс әкімі «Жол жылы» деп жариялаған еді. Сол мақсатты жүзеге асыру жолында, 2024 жылы  облыс бойынша 600 шақырым жол жөнделіп, рекордтық көрсеткіш орнатылыпты.

– Жолдарды жөндеуге арналған бағыттар тек экономикалық негіз бойынша емес, өңірдегі көлік жүргізушілері мен тұрғындардың қалауы бойынша таңдалды. Облыста туристік орындарға апаратын тасжолдарды жөндеуге және қайта жаңартуға ерекше көңіл бөлінді. Ауылдық елді мекендер де назардан тыс қалған жоқ. Биыл алғаш рет 79 шағын ауылда 120 шақырымды құрайтын орталық көшелерге кезең-кезеңімен асфальт төсеп, көшелерді жарықтандыру жоспарланып отыр. Осы жылы облыс аумағы арқылы өтетін республикалық маңызы бар тасжолдарға ауқымды жөндеу жұмыстары жүргізілді. 2024-2025 жылдар аралығында барлығы 392 шақырым жолды жөндеу жоспарланған. Аталған жобаларды іске асыру нәтижесінде республикалық маңызы бар жолдардың барлық учаскелерінің жағдайы жақсартылады. Сондай-ақ 2025 жылы аймақтағы ұзақ мерзімді ірі құрылыс нысандарының бірі – Өскемен – Рахман қайнары тасжолын аяқтау жоспарлануда. Бұл жол 3 ауданды байланыстырып, Қазақстанның туристік орындар қатарына жататын Катонқарағай ауданына апарады. Жол мәселесіне келгенде Шығыс Қазақстандағы ең ірі көлік-логистикалық жобалардың бірі – Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпір құрылысының аяқталуын айта кеткен жөн. Ол бірден алты ауданды байланыстырып, тұрғындардың климаттық жағдайлар мен паром өткеліне деген тәуелділігін жойды, – деді Ермек Көшербаев.

Шығыста өнеркәсіп өндірісі мен кен байыту жұмыс едәуір дамығаны баршаға мәлім. Бұл өңір сонымен қоса еліміздегі ең таңдаулы туристік орталықтардың біріне жатады. Сондықтан шығыстың болашағы тіпті де кемелдене түсетіні сөзсіз. Облыс әкімі сөз кезегінде ШҚО-дағы экономикалық ахуалға да арнайы тоқтала кетті.

– Шығыс Қазақстан облысы экономикасының өсуі 6,5%-ды құрады, өндірілген өнеркәсіп өнімінің көлемі 3,1%-ға өсіп, 2,1 трлн теңгеге жетті. Бұл нәтижелер Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында тұрғындар үшін неғұрлым қолайлы және дамыған орта құру және инвесторлар мен туристер үшін өңірдің тартымдылығын арттыру үшін алға қойылған ұлттық даму мақсаттары мен стратегиялық бастамаларына сәйкес келеді. Бүгінгі таңда 2032 жылға дейін 913 млрд теңгеге 40 инвестициялық жобадан тұратын пул қалыптастырылды. Оның ішінде ағымдағы жылы 46 млрд теңгеге 10 инвестициялық жоба іске асырылып, 478 жұмыс орны құрылды. Бұл жобалардың қатарына кейіннен экспорттық әлеуетті дамытуға және өңірдің импортты алмастыруына әсер етуге тиіс екі зауыттың құрылысы кірді. 1,5 млрд теңгеге түрік инвесторының қатысуымен түсті сынықтарды қайта өңдеу зауыты және 1,2 млрд теңгеге «УК Трубтех» ЖШС полиэтилен құбырларын дайындау зауыты. Түсті металлургия тау-кен өндіру саласымен тығыз байланысты екенін ескере отырып, ағымдағы жылы Маралды ауылында қуаты жылына 250 мың тонна кен өндіретін алтын өндіру фабрикасы – «ВСАМ Продакшен» ЖШС пайдалануға берілді. Облыстың орта мерзімді жоспарларында екі ірі жобаны іске асыру көзделген: Тарбағатай ауданында қуаттылығы жылына 25 млн тоннаға дейін кен өндіретін және өңдейтін тау-кен байыту комбинатын салу, инвестиция көлемі 216 млрд теңге, 1 мың жұмыс орны құрылатын болады. Кәсіпорын өнімі ҚХР мен Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне экспортқа бағытталған; инвестиция көлемі 235 млрд теңге және 120 жұмыс орны бар Ұлан ауданында литий өндіру және қайта өңдеу бойынша тау-кен байыту комбинатын салу. Кәсіпорын өнімдері алыс және жақын шетелдерге экспортталатын болады, – деді облыс әкімі.

Әкімнің ресми баяндамасында айтылған барлық деректерді қысқа мақаланың көлеміне сыйғызуға келмейтін еді. Жақында ғана «Qazaqstan dauiri» ЖШС-ның Бас директоры, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Сәуле Мешітбайқызы «Qazaqstan dauiri» халықаралық, қоғамдық-саяси газетінің «Ауыл аманаты – ел аманаты» бірлескен экспедициясын бастап, ШҚО-ның біраз аудандарын аралап қайтқан болатын. Бұл туралы экспедицияның мүшесі, республикалық «Мөлдір бұлақ» балалар журналының Бас редакторы Дәулетбек Байтұрсынұлы сапар барысында көзбен көргендері мен көңілге түйгендерін қорыта отырып «Шығыста шаруа қазаны қыз-қыз қайнап тұр» атты көлемді мақала жазып, ол газетіміздің 5 желтоқсандағы № 48 санында жарық көрген еді.

Біз ырысы шалқыған, табиғаты тамылжыған Шығыстағы ағайындарға берекелі өмір, баянды тұрмыс тілей отырып, ақпараттық қолдауымызды ешқашан тоқтатпайтындығымызды айтқымыз келеді.

Ерқазы СЕЙТҚАЛИ
12.12.2024

Ұқсас жаңалықтар

АКИМ ОБЛАСТИ НУРАЛХАН КУШЕРОВ ВСТРЕТИЛСЯ С ЖИТЕЛЯМИ ТУРКЕСТАНА
Пресс-служба акима Туркестанской области - 13.03.2025 51
АКИМ ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ ПРОВЕЛ ПЕРЕГОВОРЫ С ИНВЕСТОРОМ ИЗ ГЕРМАНИИ
Пресс-служба акима Туркестанской области - 13.03.2025 60
Кәсіпорында құзіреттілік орталығы ашылды
Алмас Ильясов, Қаратау құрылыс-техникалық колледжі директорының оқу-өндірістік ісі жөніндегі орынбасары. - 13.03.2025 151

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 2071
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 2306
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 17196
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 15921
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 19290