Шу ауданының тұрғындары қоныс тойын тойлады

Шу ауданының тұрғындары қоныс тойын тойлады
Шу ауданында тұрғын үй кезегінде тұрған 8 азамат үш бөлмелі баспанаға ие болды.
 Аудан әкімі Бақытжан Жәнібеков пәтер кілттерін салтанатты түрде табыстап, халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету – басты міндеттердің бірі екенін алға тартты. 
 
Баспана әлеуметтік осал топтар санатына жататын отбасылар мен көпбалалы аналарға берілді. 
 
7 баланың анасы Перизат Бақытжанқызы көппен бірге қуанып, қоныс тойын тойлап отыр. Көпбалалы отбасы талай жылдан бері пәтер жалдап күн кешіп келген.
 
– Мемлекет қолдауының арқасында пәтерге қол жеткізіп отырмыз. Алғыстан басқа айтарымыз жоқ. Баспанасыз жүрген отбасыларға осындай қуаныш бұйырсын! – дейді аудан тұрғыны. 
 
Айта кетейік, Шу ауданында 1 872 азамат тұрғын үй кезегінде тұр.
Жамбыл облысы әкімдігі
15.01.2025

Ұқсас жаңалықтар

ЖЕМҚОРларМЕН КҮРЕС – ОТАНҒА ҮЛЕС
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.05.2025 510
ЖАС САРБАЗДАР САҚАДАЙ САЙ
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.05.2025 513
ШЫҒЫСТАҒЫ  ШЫРАЙЛЫ ЖҮЗДЕСУЛЕР
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының бас редакторы - 28.05.2025 542

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 13602
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 13571
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 28691
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 27362
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 30874