Су тапшылығынан тамшылатып суару құтқарады

Су тапшылығынан  тамшылатып суару құтқарады

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтың Қордай ауданына жұмыс сапары Сарыбұлақ ауылындағы «Самғау» шаруа қожалығының жұмысымен танысудан басталды. 

Биыл 350 гектар алқапқа жүгері, 100 гектарға күздік бидай, 30 гектарға арпа еккен қожалық тамшылатып суару технологиясын тиімді пайдалануда. 6 бірлік техникасы бар шаруашылықта 15 адам жұмыспен қамтылған. Алғашқылардың бірі болып егінге орақ салған қожалық басшысы Евгений Трубников  әр гектарына 30 центнерден өнім алуды жоспарлап отыр. Жүгері алқабына тамшылатып суару жүйесін енгізген ол судан тапшылық көріп отырғанын жеткізді. Су мәселесі шешілсе, суармалы егістік алқабын ұлғайтпақ. 

– Су мәселесі жылдан-жылға қиындап барады. Көрші елден қажетті су Киров су қоймасынан босатылғанымен, ол бәріне жетпейді. Сол үшін ұңғыма қазып, егіс алқаптарын тамшылатып, жаңбырлатып суаруға алмастыру қажет. Сол кезде ғана ағын суға деген тәуелділіктен арылып, жерді тиімді игеруге болады. Көп шаруа қожалықтары қазір ұңғыма қазып алып, су мәселесін өз беттерінше шешуде, – деді облыс әкімі.  Шаруа қожалық сұранысын ескере отырып каналдарды жөндеу, бетондау жұмыстары кезең-кезеңмен жалғасатынын айтты.

Келесі кезекте аймақ басшысы Қордай ауылы «Батыс» ықшамауданында салынып жатқан №3, 4, 5, 6 60 пәтерлі 5 қабатты тұрғын үйлерді  көрді. Өткен жылы басталған құрылыс жұмыстары кестеге сәйкес ағымдағы жылы тамыз айында аяқталуы тиіс. Дегенмен, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым тартуға қосымша қаражат қажет.

Нысандар пайдалануға берілгенде ауданда үй кезегінде тұрған 240 адамның баспана мәселесі шешілмек.

Облыс әкімі тұрғын алқаптағы бұған дейін тапсырылған көпқабатты тұрғын үйлерді тексеріп, құрылысының сапасыздығын сынға алды. Аудан әкімдігіне мердігердің жауапкершілігін қарау, кемшіліктерді реттеу бойынша тиісті шаралар қабылдауды тапсырды.

Аумақты абаттандыруға қатысты да бірқатар ескертпелер білдірді.

Осы ауылдағы «EKO CHICKEN» кооперативі 12 модульді құс фермасын орнатқан десек, жыл соңына дейін тағы осындай 8 нысанды іске қоспақ. Нәтижесінде құс етін өндірудегі жалпы қуаттылық 520 тоннаға жетеді деп күтілуде. Бұл аудан тұрғындарының құс етін тұтыну көрсеткішінің 10 пайызын құрайды. Бұдан бөлек мұнда 2025 жылға дейін қосымша 20 модульді құс фермасын салу жоспарлануда. Ол кезде 76 адам тұрақты жұмыспен қамтылмақ.

Қазіргі таңда әрбір құс фермасында 1,5 мың балапан бағылуда. Негізінен, өнім Алматы қаласы мен Қордай ауданындағы сауда орталықтарында өткерілуде.

Ферма басшысы іргесіндегі бос жерге жылыжай және 800 басқа арналған мал бордақылау алаңын салу, сонымен бірге балық шаруашылығын қатар алып жүру жоспарының барын айтты. 

Облыс әкімі ферма жұмысын оң бағалап, қажетті қолдаулар көрсетілетінін жеткізді.

Аймақ басшысы «Қордай сүт өнімдері» ЖШС-де болып, зауыт жұмысымен танысты. Зауыт директоры Ислам Давуздың айтуынша, зауыттың жылдық қуаттылығы 800 тонна екен. Онда 40 адам жұмыс істейді. Өткен жылы 1215 тонна сүт өнімдерін өндірген.

Келесі кезекте аймақ басшысы «Нуну» шаруа қожалығының жұмысын көрді. Қожалық жетекшісі Санщи Нунудың айтуынша, шаруашылық 27 гектар алқапты игеруде. Қазір сәбіз қазып жатыр. Оның келісін 100 теңгеден алқап басынан өткізуде. Сәбізден жалпы 35-40 тонна өнім жинаймын деп жоспарлауда.

Отбасы кәсібін жерден тауып отырған шаруа балаларын да осы кәсіпке баулуда.

– Қазір ауылшаруашылығы өніміне деген сұраныс жоғары. Сіздер сияқты еңбек адамының өнімі жерде қалмайды. Халықты азық-түлікпен қамтитын өздеріңіздей шаруаның көп болғаны жақсы. Аз жерден мол өнім жинау – үлкен жетістік, – деді Нұржан Нұржігітов.

Өңір басшысы Ауқатты ауылдық округіне қарасты Бәйтерек ауылындағы №45 негізгі, Ауқатты елдімекеніндегі №9 орта мектепте болды.

Бәйтеректегі негізгі мектеп ғимаратының тозығы жеткенін ескерген облыс әкімі оқу ордасының ғимаратын жаңадан салу мәселесі алдағы жылы шешілетінін атап өтті.

Ал Ауқатты ауылында облыс әкімін мектеп ұжымы мен ауыл тұрғындары құшақ жая қарсы алды. Осында білім алған Нұржан Нұржігітов сынып бөлмелерін аралап, сыныптастарымен кездесіп, мектептің материалдық жағдайымен танысты. LED экран арқылы шетелде тұратын ұстазы Галина Кривошееваның жылы лебізін тыңдап, сыныптастар суретін тамашалады. Аулада ауыл қарияларымен кездесіп, балалық шақтағы қызықты естелігімен бөлісті.

 

 

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі
30.06.2022

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 39
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 74
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 34
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 75
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 27
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 58
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 185
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 188
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 403
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 366
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 985

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9062
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8459
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11686
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9448
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10666