Су тасқынынан сақтану шаралары жалғасуда

Су тасқынынан сақтану шаралары жалғасуда

Былтырғы қарғын судың әлегі баршамызға сабақ болғаны мәлім. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2025 жылы көктемгі су тасқынынан сақтану, апаттың алдын алуға қатысты сақтық шаралары ойдағыдай жалғасып жатыр. Қазір еліміздің солтүстік өңірлерінде қар толығымен еріп болды. Дегенмен арқаны кеңге салуға әлі ерте екендігін ұмытпаған жөн. 

Қазір Төтенше жағдайлар министрлігінің тікелей бақылау және ұйымдастыруына сәйкес су басу қаупін азайту және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында су тасқыны қаупі бар учаскелерде су тасқынына қарсы іс-шаралар жалғасып жатыр. Бұл іс-шараларға азаматтық қорғау қызметтері қатысады. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми сайты хабарлады. Төменде құзырлы мекеменің таратқан ресми ақпаратына негізделе отырып, істелген жұмыстар мен сақтық шаралары туралы оқырман қауымды құлағдар етуді жөн көрдік.

Биыл 1 наурызынан бастап 5,2 миллионнан астам текше метр су сорылды, 684 мың қапшық және 44 мың тонна инертті материалдар төселді. Сонымен қатар 842 мыңнан астам метр су бұру арықтарын тазарту жұмыстары жүргізілді. Авариялық-құтқару жұмыстарына 288 адам, 121 бірлік техника, 33 мотопомпа және 6 жүзу құралы жұмылдырылды. Су тасқыны қаупі жағдайында қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін ТЖМ, ІІМ, ЖАО және басқа да ұйымдардың қызметкерлері жұмылдырылды.

Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы автомобиль жолдарының 2 учаскесінде  тасыған су бақылауда. 1 елді мекен көлік қатынасынсыз қалуда, бұл Ақмола облысы Астрахан ауданының Ескі Қалқұтан ауылы, онда тұрғындар үшін  өткел қамтамасыз етіліп, ауылға кірме жолды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.

Қазіргі уақытта үш өңір бақылауда: Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Абай облыстары.

Шығыс Қазақстан облысында су тасқыны жағдайына тәулік бойы мониторинг жүргізілуде. Қазіргі уақытта облыс аумағының 38%-ында қар жатыр. Ауа температурасының жоғарылауына байланысты шағын өзендер суға толуы мүмкін. Су тасқыны қауіпті учаскелерде су деңгейіне тұрақты өлшеу жүргізіледі.

Солтүстік Қазақстан облысында өзендерге мониторинг жүргізіледі, жағдай тұрақты. Заречный кентінде қаптарды төсеу және қорғаныш біліктерін нығайту бойынша су тасқынына қарсы іс-шаралар жалғасуда.

Абай облысында өзендердегі гидрологиялық жағдай тұрақты, өзендердегі мұз толығымен еріп кетті,  мониторинг жалғасуда. Жазық аумақта қар еріп, өзендердегі мұз жүру аяқталды, қар тек Тарбағатай тау жоталарында байқалады.

Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, ықтимал тәуекелдерді барынша азайта отырып, су тасқыны жағдайындағы өзгерістерге жедел ден қоюды жалғастыруда.

 

Ерқазы СЕЙТҚАЛИ
27.04.2025

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5692
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5838
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20814
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 19437
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22902