ШУДА ОБЛЫСТЫҚ «БАТАМЕНЕН ЕЛ КӨГЕРЕР» ҚАРИЯЛАР САЙЫСЫ ӨТУДЕ

ШУДА ОБЛЫСТЫҚ «БАТАМЕНЕН ЕЛ КӨГЕРЕР»  ҚАРИЯЛАР САЙЫСЫ ӨТУДЕ

Байқау Билер кеңесінің төрағасы Оңласын Есіркеповтің ақ батасымен ашылып, Жамбыл облысы ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев пен Шу ауданының әкімі Бақытжан Жәнібеков қатысушыларға сәттілік тілеп, ізгі лебізін арнады.

– Халқымыз «Батамен ел көгерер, жаңбырмен жер көгерер», «Баталы ер арымас, батасыз ер жарымас», «Жақсы сөз – жарым ырыс» деп текке айтпаған. Адамның адамдығын тілеуіне, пейіліне қарап өлшейтін қазақ баласы айтылған сөзге, тілеген тілекке, берілген батаға ерекше мән берген «Қарттары бар ел – қазыналы ел» демекші, ұрпақтарын ізгілікке жетелеп, ақ батасымен әр шаңырақты шуаққа жақсылыққа, бөлейтін қариялар – біздің асыл қазынамыз, даналықтың дариясы, абыз, асыл жандар! Сіздерге сәттілік тілеймін, – деді аудан басшысы.

Ұрпағын ізгілікке жетелеп, ақ батасымен әр шаңырақты шуаққа, жақсылыққа бөлейтін бұл сайыс бірнеше жылдан бері тұрақты түрде өтіп келеді.

Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының ректоры, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Махметғали Сарыбеков байқаудың өткізілу тәртібін жариялап, көптің көзінше сұрақ жауап канвертін ашты.

Аталмыш байқауға Тараз қаласы және он ауданнан 11- ақсақал; Жайсанбек Абдиматов Қордайдан, Мойынқұмнан Жолдасбек Абушакиров, Тараз қаласынан Құдайберді Әбілов, Жуалыдан Дәулетжан Байдалиев, Мерекеден Бауыржан Байдаулетов, Сарысудан Шәріпбек Қалжанов, Жамбыл ауданынан Ерболат Қуандықов, Шудан Оңалхан Сырлыбаев, Тұрар Рысқұлов ауданынынан Нысанбай Тәукенов, Таластан Әділхан Тойшыманов, Байзақ ауданынан Халықов Аманғазы қатысып , бүгінде қолданыстан шығып бара жатқан баталарды жатқа айтуда.
Бірінші кезең бойынша Аманғазы Халықов, Ерболат Қуандықов, Құдайберді Әбілов оқ бойы озық шығып екінші кезеңге жолдама алды.
Қалған қатысушылар әртүрлі номинация бойынша марапатталып, арнайы сыйлықтарға ие болды.
Бата айтылатын үйден ырыс-несібе, береке арылмақ емес. Салт-дәстүрлердің ішіндегі ең асылы, көңілдің сәнін келтіріп, өмірдің мәнін ұғындыратын рухани құндылығымыз ол – бата деп айтсақ еш қателеспейміз. Сонымен қатар халықтың ризашылығына ие болған мұндай іс-шара салт-дәстүрді дәріптеуде, жастардың рухани байлығын арттыруда маңызды орын алары сөзсіз.
Екінші кезең аяқталып нәтижесінде үшінші орын, жүз мың сыйлықты Ерболат Қуандықов алса, екі жүз мың сыйлықты Жуалы ауданы, екінші орынды алған Байзақ ауданынан Аманғазы Халықов иеленді. Ал, бірінші орынды Әбілов Құдайберді жеңіп, үш жүз мың теңге сыйлық алды.

27.09.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 132
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 131
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 647
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 765
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 680
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 690

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8826
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8224
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11451
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9208
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10435