Жыл басы – әз-Наурыз табиғаттың оянып, күннің ұзарып, пейілдің түзеліп, салт-дәстүр жаңғыратын ерекше мереке.
Дәл осы күні аудан тұрғындары Шу қаласы және Төле би ауылындағы орталық алаңға ағылып, сыбағамызға біткен ұлттық мерекемізді тойлады.
Мерекелік іс-шара аудандық мәдениет үйінің көркемөнерпаздарының театрландырылған көрінісімен бастау алып, ән-жырдан шашу шашып, жиылған көпшілікке мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Сонымен қатар, аудандық «Жастар ресурстық орталығының» өнерлі жастары «Жастар аллеясының» сахнасында әуелете ән салып, мың бұрала би билеп, «Шу-Чу» КВН командасының қағытпа әзілдерімен көптің көңілін бір серпілтті.