Кезінде бірнеше рет Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынылса да Қызыл Кремль генералдары қысастық, қызғаныштық жасап, ол атақты батырға қимаған.
ҚР Президентінің Жарлығында «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерлігі мен қаһармандығы үшін жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Халық қаһарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылсын» деп жазылған.
Ыбырайым Сүлейменов (марқұм) – 100-ші бөлек атқыштар бригадасы атқыштар батальоны 2-ші бөлімшесінің мергені болған.
Марқұм Ыбырайымнан қалған жалғыз қыз Аманкүлден туған Айгүл атты немересін кеше ғана көріп, атасы туралы кезінде «Батыр атағы берілуге тиіс маңғаз еді» деп бірнеше рет мақала жазғанымды айтып ем.