Сүт фермаларын салуға айрықша назар

Сүт фермаларын салуға айрықша назар

Облыс әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен өткен инвестициялық штабтың кезекті отырысында облыс әкімдігі туризм басқармасының басшысы мен Жуалы ауданы әкімінің инвестиция тарту жұмыстары туралы есептері тыңдалды.

Жуалы ауданының әкімі Жалғас Мұртазаның айтуынша, 2023 жылы ауданның ауыл шаруашылығы саласында 13 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарлануда, оның ішінде сүт-тауарлы фермасы, құс, балық шаруашылығы, жем-шөп дайындау цехы, сондай-ақ жылыжай бар. Жобалардың жалпы құны 238,0 миллион теңгені құрайды. Олар бойынша 31 жаңа жұмыс орны ашылмақ. Ауданда жалпы құны 9336,0 миллион теңге болатын 10 инвестициялық жоба жүзеге асуда. Олардың қатарында «Ferro-Polymetal Resources Group» ЖШС (ванадий, полиметалл өндірісі), «KazHydroOperating» ЖШС (шағын су электр станциясы), «IMC Group» ЖШС (мақсары өңдеу цехы), «Yaposha» ЖШС (кептірілген нан өңдеу жобасы). Жуалы ауданындағы «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» республикалық тасжолы бойындағы сервисті дамыту жобасына бірден бірнеше кәсіпкер тартылған. Аймақ басшысы сүт саласын дамытуда тауарлы- сүт фермаларын салуға айрықша назар аудару керектігін баса айтты. Туризм басқармасының басшысы Біржан Күзембеков Мәдениет және спорт министрлігімен әзірленген туризм саласына инвестиция тарту рейтингінде облысымыз екінші орында тұрғандығын айтты. Ол туристерді тарту бойынша 2023 жылға жоспарланған іс-шаралар туралы баяндады.    – Біз инвесторларды өзіміз іздеуіміз керек, оларға жобалар ұсынуға тиіспіз, өйткені біз облысымыздың әлеуетін, қандай мүмкіндіктер мен жағдайлар жасалғанын жақсы білеміз. Әрбір инвестициялық жоба басқарма басшыларының да, аудан әкімдерінің де ерекше бақылауында болуы маңызды, – деді Нұржан Нұржігітов. Кездесу барысында инвесторлар автотуризмді дамыту, сарқын суларды тазарту нысанының құрылыстарын салу жобаларымен таныстырды.

Жамбыл облысы әкімдігі
08.02.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 43
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 135
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 38
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 44
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 54
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 43
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 131
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 135
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 324
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 317
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 941

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9014
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8410
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11635
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9393
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10620