Сыбайлас жемқорлықпен күрес-ортақ парыз

Сыбайлас жемқорлықпен күрес-ортақ парыз

 

Қазіргі таңда еліміздің дамуына бірден-бір кедергі және үлкен проблемалардың бірі, бұл–сыбайлас жемқорлық болып табылады. Сыбайлас жемқорлықтың мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін едәуір төмендететіні, қоғамда демократиялық қайта құруларды жүзеге асыруды тежейтіні, елдің халықаралық беделіне көлеңке түсіретіні белгілі.

Ең бастысы – адамдардың қоғамдық демократиялық негізіне, заң мен әділдікке, түптеп келгенде, билікке деген сеніміне сызат түсіретіні даусыз.

 Қазақстанның мемлекеттік саясатының негізгі басымдықтарының бірі сыбайлас жемқорлықпен күрес болып табалады.

Ақиқатында сыбайлас жемқорлық – қоғамға ортақ дерт. Демек, онымен күреске қоғамның барлық мүшесінің жұмылғаны абзал. Әсіресе, бармақ басты, көз қысты әрекеттерге жиі баратын мемлекеттік органдардың қызметін қоғамдық бақылау маңызды.

Бұл тұрғыда  “Әділдік жолы” республикалық қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облысы бойынша филиалы тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі атқарып жатқан рөлін айрықша атап өтуге болады. 

Филиал жетекшісі Назима Жұбандықовамен болған сұхбатымыз сыбайлас жемқорлықтың алдын алудағы “Әділдік жолы” республикалық қоғамдық бірлестігінің рөлі турасында өрбіді. 

– Қоғам дерті саналатын сыбай­лас жемқорлықпен күрестегі қо­ғам­дық бақылаудың рөлін қалай баға­лай­сыз?

– Президент өзінің саяси ре­формаларында мемлекеттік басқару ісіне реформа жүргізуге айрықша басымдық беріп келеді.

ҚР «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңының 16-бабының 1-тармағы 4) тармақшасына сәйкес  Қоғамдық кеңестің қоғамдық бақылау саласындағы мақсаттары мен міндеттерінің  бірі    халықты сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл процесіне тарту болып табылады. Осы мақсатта 2023 жыл ішінде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы    іс-қимыл Агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің  Превенция басқармасымен бірлесе Жамбыл облыстық Қоғамдық кеңесінің мүшелері жоспарлы отырыстарында мемлекеттік органдар, облыс әкімдігі басқармалары басшыларының сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері туралы есептерін тыңдап, бағалау жүргізіп келеді. Сонымен қатар, әлеуметтік салаларға, атап айтқанда, денсаулық сақтау, дене шынықтыру және спорт, білім салаларының қарамағындағы мемлекеттік мекемелерде өткізілген қоғамдық мониторинг аясында азаматтарға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасы, қызметтер көрсету барысында жемқорлық тәуекелдерінің орын алуы зерделеніп, мониторинг қорытындысы БАҚ беттерінде, әлеуметтік желілерде жарияланды.  

ҚР Премьер-Министрінің 2024жылғы 4 қаңтардағы тапсырмасына сәйкес ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі барлық деңгейдегі Қоғамдық кеңестерге нормативтік құқықтық актілер жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізу ұсынылып отыр. Биылғы жылы кеңес мүшелері басқармалар әзірлейтін қаулы, шешімдер жобаларына қоғамдық сараптама өткізуді жоспарлап отыр.   

Назима әңгі­мемізді сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы жетілдіру мен өзгерістерден бастасақ..

-         Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 22 бабына сәйкес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды өз құзыреті шегінде барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері мен лауазымды адамдар жүргізуге міндетті.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы өзінің сөзінде жемқорлықтың түп-тамыры жойылғанша күрес жүргізілетінін жеткізді. Осылайша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі ретінде айқындалды.

Бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық қозғалысқа барлық мүдделі топтар: мемлекеттік қызметшілер, кәсіпкерлер, инвесторлар, тәуелсіз сарапшылар, еріктілер және басқалар тартылуда. Департамент тарапыпан барлық мүдделі тараптармен бірлескен жұмыстар жүйелі түрде атқарылып келеді.

​Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы жетілдіру – Агенттік қызметінің маңызды және өзекті бағыттарының бірі болып табылады.

Бүгінгі күнге сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша заңнамалық өзгерістердің бірқатар топтамалары әзірленіп, іске асырылды.

Заңнамалық өзгерістердің бірінші топтамасы 2019 жылдың                 19 желтоқсанында қабылданды. Енгізілген өзгерістерге тоқталып өтетін болсақ:

- Бағынысты қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық үшін басшылардың отставкасы және тәртіптік жауапкершілігі туралы нормалар енгізілді;

- Нормативтік құқықтық актілер жобаларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптамасы қалпына келтірілді, сыбайлас жемқорлық туралы хабарлағаны үшін азаматтарды көтермелеудің сараланған жүйесі енгізілді;

- Сыбайлас жемқорлыққа қатысты ауыр және аса ауыр қылмыс жасағандарға шартты түрде мерзімінен бұрын босату шарасы қолданылмайды;

- Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің, судьялардың, пара берушілердің және парақорлыққа делдал болғандардың сыбайлас жемқорлығы үшін жазасы қатаңдатылды; (ҚК-нің 366-бабында судьялар мен құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қатысты жаңа құрам енгізіліп, 5 жылдан 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі санкция күшейтілді)

- Мемлекеттік қызметшілердің, депутаттардың, судьялардың шетел банктерінде есепшотқа ие болуы, қолма-қол ақша және бағалы заттар сақтауына шектеулер енгізілді;

- Жемқорлықпен ұсталғандардың мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда жұмыс істеуіне өмір бойы тыйым салатын шектеу қойылды.

Заңнамалық өзгерістердің екінші топтамасы 2020 жылдың                     6 қазанында қабылданды. Енгізілген өзгерістерге тоқталып өтетін болсақ:

- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдаған мемлекеттік қызметшілерге өзге тұлғалардан сыйлықтарды алуға және өзге тұлғаларға сыйлықтарды сыйға тартуға толық тыйым салынды. (Азаматтық кодекстегі «мемлекеттік қызметшілерге рұқсат етілген сыйлық құнының шегі» толық алынып тасталды. Кез-келген сыйлық мемлекетке тиесілі болғандықтан ондай жағдай орын алса, белгіленген тәртіппен және мерзімдерде оларды ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне өтеусіз өткізу арқылы мемлекеттік мүлік құрамына түсуге тиіс екенін ұмытпаған жөн. Ал қызметтегі жетістіктері және басқа да еңбектері үшін берілетін сыйлықтар бұл тізімге жатпайды);

- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама қолданылатын тұлғаларға, сатып алуды ұйымдастыру және өткізу жөнінде шешімдер қабылдауға уәкілетті, мемлекеттік бюджеттен және Ұлттық қордан қаржыландырылатын жобаларды іріктеу мен іске асыруға жауапты, дербес құрылымдық бөлімшенің басшысынан төмен емес лауазымды атқаратын квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметкерлеріне жатады. Бұрын мұндай нормалар квазимемлекеттік компаниялардың бірінші басшыларына ғана қатысты болатын. Енді бұл тізім айтарлықтай кеңейтілді;

- Квазимемлекеттік сектор ұйымдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметі институты енгізілді;

- Бір мемлекеттік органда немесе ұйымда туыстардың жұмысын құқықтық реттеу. (Бұл шектеу бір мемлекеттік органда, мемлекеттік ұйымда немесе квазимемлекеттік сектор субъектісінде жұбайларына, жақын туыстары мен жекжаттарына жұмыс істеуге үзілді-кесілді тыйым салынатынын білдірмейді. Бұл шектеуде тек туыстары атқаратын лауазымдарға тікелей бағыну жағдайлары туралы айтылған. Енді мемлекеттік лауазымға үміткер өзі лауазымға орналасуға үміткер ұйымның басшылығына онда жұмыс істейтін жақын туыстары, жұбайы немесе жекжаттары туралы жазбаша түрде хабарлауға міндетті). Заңда осы алдын алу нормасының болуы мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметіндегі мүдделер қақтығысын болдырмауға мүмкіндік береді;

Анықтама: «Жемқорлыққа қарсы» Заңда жақын туыстар деп: ата-аналар, балалар, бала асырап алушылар, асырап алынғандар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері, атасы, әжесі, немерелері, жекжаттар деп-жұбайының (зайыбының) ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), ата-аналары мен балалары түсініледі;

- Жедел-іздестіру қызметін немесе сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын лауазымды адамдардың қылмысқа арандатқаны үшін қылмыстық жауаптылық енгізілді (ҚК 412-1-бабына сәйкес үш жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады);

- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет квазимемлекеттік сектор субъектілерінен ревизиялар, салықтық және басқа тексерулер, аудит және бағалау жүргізуді талап ету құқығымен қамтамасыз етілді;

- Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін мемлекеттік органдар тізіміне енгізілді.

​ҚР Президентінің 2022 жылғы 2 ақпандағы №802 Жарлығына сәйкес «Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасы» қабылданды.

​Президент Агенттіктің алдына қойған міндеттемелері мен басымдылықтарын белгіледі. Бұл бағыттағы жұмысты жетілдіру және жемқорлық фактілеріне баратын жолдарды барынша азайту тұрғысынан тиісті жұмыстар жалғасатын болады.

​Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты дамыту тәсілдері мынадай міндеттерді орындау арқылы іске асырылатын болады:

​1-міндет. Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру.

Тұжырымдаманың бірінші бағытында құндылықтарды өзгерту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, мемлекеттік аппараттың парасаттылығын арттыру және  бизнестің парасаттылығына жәрдемдесу бағыттары айқындалған.

-         Азаматтардың билік органдарына деген сенімін арттыру үшін мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру маңызды бағыт.  Осы тұрғыда айтарыңыз болса...

-         Бұл бүгінгі таңда өзектілігі басым сұрақ. Ия, мемлекеттік аппаратта сыбайлас жемқорлық материалдық жағынан тиімсіз болатын сыбайлас жемқорлыққа қарсы мықты мәдениет қалыптасуға тиіс.

Мемлекеттік қызметшілерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы міндетті оқытуды оның үздіксіздігін, дәйектілігі мен өзектілігін қамтамасыз ете отырып, дамыту қажет. Мемлекеттік аппараттың «тазалығын» қамтамасыз ету үшін лауазымдық міндеттері сыбайлас жемқорлықтың жоғары тәуекелдерімен ұштасатын қызметшілермен жұмыс жөніндегі шаралар әзірленетін болады. Сатылмаушылықтың тағы бір маңызды элементі – мүдделер қақтығысын реттеу. Бұл тұрғыда да заңға өзгерістер енгізілетін болады.

​- Сыбайлас жемқорлықтың мүмкіндіктерін жою үшін қандай әрекеттерге баруымыз қажет? Жалпы мүмкін бе?

-         ​Бұл бағытта басты назар бюджет қаражатын тиімсіз жұмсау тәуекелдерін және сатып алуда сыбайлас жемқорлықты азайтуға бағытталатын болады. Бюджет процесінде қаржылық мерзімдерден жобалық мерзімдерге көшу де қажет, бұл күнтізбелік жылдың соңында орындалған жұмыстардың актілеріне асығыс қол қоюды және осыған байланысты заң бұзуды болдырмайды.

Жобаларды қаржыландыру нысаналы көрсеткіштер мен мемлекеттік инвестициялаудың өлшенетін нәтижелері болған кезде ғана жүзеге асырылатын болады, бұл индикаторлардың тұтас елдің немесе нақты өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсер ететін болады.

Бюджет саясатының ашықтығына қол жеткізу үшін мемлекеттік сатып алу, бюджетті жоспарлау және мемлекеттік қаржыны басқару процестерін бірыңғай платформаға біріктірілетін болады.

Бюджет қаражатын, мемлекет пен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің активтерін басқару мен пайдаланудың тиімділігін арттыру мақсатында функциялардың қайталануын жойып және олардың тәуелсіздігін күшейте отырып, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының жүйесі оңтайландырылады.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің жариялылығы мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сыбайлас жемқорлық алғышарттарын өз бетінше жою белсенділігін арттыруға ықпал ететін болады.

-         Жауапкершіліктің бұлтартпастығын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жетілдіру мүмкін бе?

-         Жауапкершіліктің бұлтартпастығы қағидаты жазалау практикасында ғана емес, елдегі заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде, келтірілген залалды өтеуде және әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіруде де болуға тиіс.

Бұл жерде құқық үстемдігін қамтамасыз ету және сот төрелігінің мінсіз жүйесі шешуші болуға тиіс, мұнда атқаратын лауазымдары мен байланыстарына қарамастан, барлық құқық бұзушылар сыбайлас жемқорлық үшін жауапқа тартылатын болады.

Кінәсіздік презумпциясы конституциялық қағидатын қатаң басшылыққа алу қажет.

Ықтимал сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттерінен қоғамға келтірілетін залалды болғызбай, жосықсыз қызметшілерді уақтылы анықтауға және жұмыстан босатуға мүмкіндік беретін парасаттылыққа тексеруді (integrity check) енгізілетін болады.

Шығыстар кірістерден айтарлықтай асып кеткен кезде негізсіз баю үшін жауапкершілікті енгізу жоспарлануда.

​- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда азаматтық қоғамның рөлін күшейту үшін не істеу қажет?

-         Азаматтық қоғам өкілдерінің бюджет процесіне, мемлекеттік сатып алу мониторингіне, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бағалауға, қандай да бір саладағы, өңірдегі неғұрлым проблемалы, өткір мәселелерді айқындауға қатысуы арқылы олардың мемлекетпен өзара іс-қимыл процестерін жетілдіру қажет.

Мемлекеттік бюджет және Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры есебінен іске асырылатын жобаларға тиімді қоғамдық мониторинг енгізіледі.

Мемлекеттік органдардың шешімдері туралы ақпараттың жариялылығы азаматтық қоғаммен сындарлы диалогқа жәрдемдесетін болады және халықтың шенеуніктермен артық байланыс жасау қажеттілігін жоюға мүмкіндік береді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға журналистер мен өзге бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін кеңінен тарту қазақстандықтардың белсенді азаматтық ұстанымын нығайтуға ықпал ететін болады.

Азаматтарға сыбайлас жемқорлық фактілері туралы цифрлық коммуникацияның оңайлатылған тәсілдері арқылы хабарлау мүмкіндігі берілетін болады. Ақпарат берушілерді жұмыс орнында қудалау мен қысым жасаудан қорғай отырып, олардың еңбек ету құқықтарын қорғау жөніндегі шаралары бекітілетін болады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды іске асырудың тиімді мониторингін қамтамасыз етілетін болады.

- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды іске асырудың тиімді мониторингін қамтамасыз ету...

      - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда үздік нәтижелерге қол жеткізу және қабылданатын шаралардың тиімділігін объективті бағалау мониторингтің тұтас жүйесі арқылы қамтамасыз етілетін болады.

      Енгізілетін жобалық тәсілді ескере отырып, ол объективтілік және жариялылық қағидаттарына негізделетін болады және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы ахуалды нақты уақыт режимінде көрсететін индикатор болады.

      Мұндай құрал азаматтардың сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға толыққанды қатысуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілері басшыларының жұмысын рейтингтік бағалау көзі болып, оларды азаматтардың өмір сүру сапасын нақты жақсартуға ынталандырады.

 Cондықтан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның қызметін одан әрі жетілдіру.

Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтерінің жұмысы мәселелерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның үйлестіруші рөлі күшейтіледі.

Цифрлық қаржы активтерін, криптобиржаларды және басқа да цифрлық платформаларды пайдалана отырып жасалатын қылмыстарды анықтау және олардың жолын кесу жөнінде шаралар қабылданатын болады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерінде одан арғы байыпты халықаралық ынтымақтастық шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы озық стандарттарды имплементтеу жөніндегі жұмыс, оның ішінде ГРЕКО-ның және ЭЫДҰ-ның ұсынымдарын іске асыру арқылы жалғасатын болады.

-         Тұжырымдамада көзделген сыбайлас жемқорлыққа қарсы бастамаларды іске асыру үшін 2023 жылы Парламент Мәжілісіне 2 заң жобасын ұсыну жоспарлануда. Осы тұғыда айтарыңыз?

- Ия, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша заң жобасына консультативтік құжатқа заңнамалық реттеуді талап ететін мынадай:

- сыбайлас жемқорлардың жария тізілімін енгізу;

- мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда мүдделер қақтығысын анықтауды және ретке келтіруді регламенттеу;

- «ақшаны қадағала» («follow the money») қағидаты бойынша қаржылық тергеу институтын енгізу;

- пара беру туралы уәде/ұсыныс үшін қылмыстық жауапкершілік енгізу;

- заңсыз сыйақыны қорқытып алуына байланысты қылмыстарды анықтау жөніндегі жұмысты жетілдіру;

- сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдамағаны үшін жауапкершіліктің құқықтық тетіктерін жетілдіру;

- сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың тиімділігін мониторингтеу және бағалау жүйесін енгізу;

- әдеп жөніндегі уәкілдердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органмен өзара іс-қимылын регламенттеу.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс бойынша заң жобасына консультативтік құжатқа мынадай:

- сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін заңды тұлғалардың жауапкершілігін күшейту;

- сыбайлас жемқорлық әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін ескіру мерзімін ұлғайту;

- мемлекеттік және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілігін белгілеу;

- ӘҚБтК-нің кейбір баптарын әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жатқызу.

- Айтып өткен өзгерістер қашан орындалмақ…

- Бұл өзгерістер бойынша заң жобасын 2023 жылы Парламентке енгізу жоспарлануда. Өздеріңіз көріп отырғандай заң аясында жауапкершілік күшеюде. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев Агенттіктің алдына қойған міндеттемелері мен басымдылықтарын белгіледі. Ендігі кезекте, жүктелген міндеттемелерді барынша жүзеге асыратын боламыз. Осы жұмысқа сіздерді белсенді қатысуға және жемқорлық әрекеттерден бойды аулақ ұстап, еліміздің дамуына үлес қосуға шақырамыз.

- Cөз соңында айтарыңыз ?

- Сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп білу керек. Әрине, сыбайлас жемқорлық сылып тастайтын сыртқы жара емес, бұл тамырын тереңге жайған, өзге сау органдарын шырмап, тыныс-тіршілігін тарылтатын, сөйтіп олардың толыққанды қызмет етуіне қатер төндіретін қауіпті кесел.

Оны емдемес бұрын аурудың пайда болу, даму, таралу жолдарын біліп, дерттің қозуына қолайлы жағдай тууына жол бермеу керек. Ол үшін бұл ауруға қоғам болып қарсы тұруымыз қажет.

Яғни бұқара көпшілік тарапынан сыбайлас жемқорлық көрністеріне қолдан келгенше тосқауыл қойылып, қолында билігі бар азаматтар осы жолда өзгелерге үлгі болуы тиіс.

Сонда ғана халық сенімінен шығатынымыз сөзсіз. «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деп қара қылды қақ жарып, турасын айтып, әділдікке жүгінген халықтың ұрпағы бүгінгідей өз алдына ел болып, еңсесі биік дамыған мемелекеттің қатарына жетуді көздеп отырған шақта сол адами қалып-парасат биігінен көрінуге тиіспіз.

Осы қатерді түпкілікті жою үшін әр қазақстандық, әр отбасы «сыбайлас жемқорлық» өз бойындағы дерт деп ұғынып, барынша күресуі қажет!!!

 

 – Сұхбатыңызға рақмет!

Сұхбаттасқан Дариха Үмбетиярова, журналист
20.06.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 99
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 617
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 735
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 647
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 656

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8791
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8192
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11419
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9173
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10404