Референдум

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру – уақыт талабы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы  қалыптастыру – уақыт талабы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес еліміздің барлық аймақтарында қарқынды. Сыбайлас жемқорлық – ғасыр дерті. Сондықтан да мемлекеттің дамуына кедергі келтіріп, өркендеуіне тосқауыл қоятын сыбайластықпен күрес ешқашан назардан тыс қалған емес. Жемқорлықты жоюда, парақорлыққа жол бермеуде әр мемлекеттің қолданатын әдіс-амалы әртүрлі. Оның бірі қатаң жаза тағайындау арқылы кеселдің тамырына балта шабуды көздесе, келесі бірі заң арқылы жегіқұртқа тыйым салуға тырысуда. Ал Қазақстан үлгі еткен Сингапур, Швейцария, Нидерланды сияқты өркениетті елдерде сыбайлас жемқорлықпен күрес өзгеше. Бұл елдерде мемлекеттік қызметтерді барынша ашық етіп, азаматтардың парақорлыққа қарсы санасын қалыптастыруға басымдық берілген. Біздің елімізде 2015 жылы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң қолданысқа енгізілді. Бұл заң мемлекеттің ілгерілеуіне кедергі келтіретін кемшіліктердің алдын алуымен құнды. Сонымен бірге сыбайлас жемқорлықпен күреске бүкіл елді жұмылдыру міндеті қойылды. Өйткені кеселді тек мемлекеттік құрылымдардың күшімен ауыздықтау мүмкін емес. Мұны уақыттың өзі көрсетті. Осыған орай әрбір құрылым сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрудың жүйелі жоспарын жасады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – мемлекетіміздің бірден-бір қолға алған факторларының бірі. Оның алдын алу үшін көптеген іс-шаралар қолданылып, атқарылған жұмыс аз емес. Бұл туралы Әділет министрлігі Персоналды басқару департаментінің бас сарапшысы Айгерім Китебаева айтты.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде: «Өкінішке қарай, сыбайлас жемқорлық әлі де біздің қоғамның ауыр дерті болып отыр. Сыбайлас жемқорлық мемлекеттердің көпшілігінде бар. Қазақстан да одан сырт қалған жоқ. Онымен қалай күресіп жатыр немесе қалай әшкерелеп отыр – ол басқа мәселе», – деп атап өтті.

Қазіргі таңда сыбайлас жемқорлық ауқымдылығына ғана байланысты ерекшеленеді.

Сыбайлас жемқорлықпен күрес – қоғам талабы. Мінсіз қоғам – жемқорлықсыз қоғам, салауатты өмір – парақорларсыз өмір, мықты мемлекет – жемқорларсыз мемлекет. Еліміз елу елдің қатарына ену үшін аяқ басқанда, айналамызды ашкөз алаяқтардан аластап, қоғамды тазарту – азаматтық міндетіміз.

Қазақстан Президенті сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес еліміздің стратегиялық дамуының негізгі басымдықтарының бірі екенін айтты. Бұл бағытта бірқатар маңызды міндет атқарылған. Атап айтқанда, Қазақстан халықаралық ГРЕКО ұйымына мүше болды, қарамағындағы қызметкердің сыбайлас жемқорлыққа қатысы анықталған жағдайда оның басшысының қызметінен босатылуы заңмен бекітілді, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін заңнамамен сараптау жұмыстары күшейтілді.

«Сыбайлас жемқорлықтың себебі мен шарттарын жоймай, онымен күресу – бұл жел диірменмен алысу. Халық әлдебір шенеуніктің немесе басшының жай жауапкершілікке тартылғанын көріп қана қоймай, ол жұмыс істеген мемлекеттік мекемеде енді мұндай жағдайдың қайталанбайтынын дәлелдейтін түбегейлі өзгерістердің орын алғанына куә болуы керек. Әзірге мен мұндай кешенді және түбегейлі жұмысты көріп отырған жоқпын. Шенеуніктер шеңбер жасап, бірінен кейін бірі ауысып жатыр. Ал жүйелі проблемалар шешілмеген күйі тұр», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі кеңесте сөйлеген сөзінде.

Сонымен қатар сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру керектігінің маңызы зор. Халық өз құқығын, өздеріне қарсы қандай да бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай іс-қимыл қолдану керектігінің нақты жолдарын толық білулері қажет. Конституциялық тәртіпті қорғау, сыбайлас жемқорлықпен күрес аясында тиімді, бірыңғай жалпы мемлекеттік саясат жүргізу, мемлекет пен азаматтардың өмір сүруінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлық пен оның көріністері деңгейін төмендету, қоғамның мемлекетке және оның институттарына сенімін нығайту – бүгінгі күндегі басты мақсат болып отыр.

 

Нағашыбай Қабылбек
05.03.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 23788
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 23455
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 40384
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 36903
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 41128