Сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу – әрбір азаматтың міндеті

Сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу – әрбір азаматтың міндеті

Сыбайлас жемқорлықпен күресу – әрбір азаматтың міндеті. Сыбайлас жемқорлық мемлекеттік институттарға деген сенімге нұқсан келтіреді, экономикалық дамуды бәсеңдетеді және азаматтар мен қоғамның өмір сүру сапасын төмендетеді. 

Қазіргі таңда сыбайлас жемқорлық мәселесі жаһандық тұрғыда проблемаға айналды. Бұл мәселе барлық елдерге тән, сондай-ақ нарықтық экономикасы бар демократиялық мемлекеттерде де кездеседі. Әрбір мемлекет жаңғыру кезеңінде болған уақытта сыбайлас жемқорлық әрқашан жоғары болады. Қазақстан Біздің мемлекетіміз үшін сыбайлас жемқорлықты жеңу басты мақсаттардың, мемлекеттік саясат бағыттарының бірі болып табылады. Жемқорлықпен аяусыз күрес жүргізу тек қана мемлекеттің міндеті емес, бұл тұрғыда қарапайым азаматтарымыздың бірлігі мен жағымсыз әдеттерге қарсы тұрарлық күш-қуаты керек.

ӘР АЗАМАТ ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАЛАЙ ҚАРСЫ ТҰРА АЛАДЫ?

Хабардарлық: Өз құқықтары мен міндеттерін білу азаматтарға сыбайлас жемқорлық әрекеттерін тануға және оған қарсы тұруға көмектеседі. Ашықтық: Мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардан ашықтық пен есеп беруді талап ету. Мемлекеттік ұйым қоғам алдында есеп береді, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес контекстінде мемлекеттік ұйымдар мен лауазымды тұлғалардың қызметі туралы ақпараттың ашықтығы мен қолжетімділігін болған кезде жемқорлықтың қолы азаяды, не толығымен жойылады. Ескерту: Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы тиісті органдарға, мысалы, прокуратураға немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комитетіне хабарлау. Пара беруден бас тарту: Кез келген жағдайда пара беруден немесе алудан түбегейлі бас тарту. Қоғамдық бастамаларға қатысу: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бастамалар мен ұйымдарды қолдау және оларға қатысу – азаматтардың міндеті. Қорыта келгенде, сыбайлас жемқорлықты жою – қоғамдағы әрбір азаматтың міндеті. Қоғам мен мемлекеттің бірлескен күш-жігері арқылы ғана сыбайлас жемқорлық мүмкін болмайтындай жағдай жасай аламыз. Әрқайсысымыз парадан бас тартып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бастамаларға белсене атсалысу арқылы қоғамның осы дертімен күресуге және оны жоюға үлес қоса аламыз.

Б. МАКИШЕВ, Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының бас маманы
05.09.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 180
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 174
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 684
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 803
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 719

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8873
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8268
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11496
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9252
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10479