Талас ауданы Ақтөбе ауылының халқына таза ауыз су берілді

Талас ауданы Ақтөбе ауылының халқына таза ауыз су берілді

Республика күніне орай Талас ауданы Қызыләуіт ауылдық округіне қарасты Ақтөбе ауылының халқына сапалы ауыз су берілді.

Аталған аймақта 17 түтін тұрады. Яғни, 117 ақтөбелік ауызбіршілікте күн кешіп келеді.

Биыл «Forte Сapital» ЖШС-і қысқа мерзім ішінде кешенді блок-модуль орнатты. Бұл құрылғы тұрғындардың сапалы тіршілік нәрімен қамтылуына ықпал етеді. Жоба құны 129,5 млн.теңгені құрайды.

Ауыл ақсақалы Дулатбай Бұрханов халықты ауыз сумен жабдықтауға ықпал еткен азаматтарға шынайы ризашылығын жеткізіп, ақ батасын берді.Қызыләуіт ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы Темірбек Байақов болса, бұл маңызды нысанның арқасында тұрғындардың тұрмыстық жағдайы жақсаратынына сенім білдірді.

Бүгінде Талас ауданының 6 ауылдық елді мекенінде (Сейілбек, Қожағаппар, Тұрымқұл, Қараой, Арал, Қайыр ауылдары) ауыз су нысандарының құрылысы жүргізілуде.

Айта кетейік, Жамбыл облысында биыл 22 ауылға орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесін салу, 15 ауылға кешенді блок-модуль орнату жоспарланған. Нәтижесінде халықты сапалы ауыз сумен қамту деңгейі 94,9-дан 98,1 пайызға дейін артады.

         

Жамбыл облысы әкімдігі
23.10.2024

Ұқсас жаңалықтар

АРЫСТА КІТАПХАНАШЫЛАРДЫҢ КӘСІБИ МЕРЕКЕСІ ТОЙЛАНДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 23.10.2024 39
АРЫСТА ТАМШЫЛАТЫП СУАРУ ӘДІСІМЕН МАҚТА ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨРКЕНДЕУДЕ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 23.10.2024 18
«Қуантсаң, баланы қуант»
Еркін Келесов, «Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы»басшысы - 23.10.2024 44

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 6689
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 6118
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 9324
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 7110
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 8319