Табиғатқа зиянсыз, серуендеушіге қауіпсіз экосоқпақ

Табиғатқа зиянсыз,  серуендеушіге қауіпсіз экосоқпақ

Өткен жылы «Бурабай» ұлттық паркінде туристік «БӨЛЕКТАУ» бағыты бойынша қауіпсіз экосоқпақ (экотропа) салынған болатын. Бұл – Қазақстандағы алғашқы геймификацияланған экосоқпақ. Оған барушылар, жүргіншілер кірерде QR, аудиогид және Telegram-бот арқылы квест форматындағы мобильді боттар орнатылған. Жоба Home Credit Bank қаржысы және «Бурабай» ұлттық паркі мен Ақмола облысы әкімдігінің туризм басқармасымен бірлесе жүзеге асқан. Бұл осы банктің Қазақстандағы 20 жылдық мерейтойына тарту болған ауқымды әлеуметтік жобалардың бірі.

Экосоқпақ – экологиялық соқпақ (экотропа) дегенге қысқаша түсінік. Экосоқпақ – табиғатқа зиян келтірмей, қауіпсіз серуендеуге және оның сұлулығымен танысуға арнайы жабдықталған танымдық-демалыс бағыты. Оның негізгі мақсаты – табиғатты қорғау, қоршаған ортаны танып-білу және туристердің табиғатқа тигізетін зиянын азайту (адамдар жан-жаққа таралмай, тек белгіленген жолмен жүреді).

Экологиялық соқпақтардың ерекшеліктері: Ақпараттық стендтер: маршрут бойында аймақтағы өсімдіктер, жануарлар дүниесі және табиғат ескерткіштері туралы мәліметтер жазылған тақталар орнатылады.

Жолдар арнайы төсеніштермен, баспалдақтармен және демалыс орындарымен жабдықталғаны қауіпсіздік пен жайлылықты қамтамасыз етеді.

Экосоқпақтар QR-кодтар, аудиогидтер және квест форматындағы мобильді боттармен толықтырылып, цифрлық технологиямен жарақталады. Ол біз әңгімелеп отырған және еліміздегі алғашқысы «Бөлектау» бірегей экосоқпағы.

«Бөлектау» тау аумағы тік әрі қауіпті аймақ болғандықтан зор көңіл аударылады. Соқпақ кіреберіс аркадан басталып, демалыс орны мен күнқағарлармен аяқталады. Маршрут бойына Бөлектаудың флорасы, фаунасы мен аңыздары туралы ақпараттық стендтер, сондай-ақ қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі аудиогидке қолжетімді QR-кодтар орнатылған. Соқпақ салуға экологиялық таза материалдар пайдаланылды. Онда орталық стендке күн сәулесі түскенде ауаны тазарта алатын инновациялық фотокаталитикалық жабын төселген. Бұл жол инфрақұрылымды табиғатқа зиян келтірмей жасауға болатынын айқындап, табиғи материалдардан жасалып, ландшафтқа ұқыптылықпен өрнектелген.

Экосоқпақта жай ғана абаттандыру қарастырылмаған. Онда келушілерге қауіпсіз әрі әсем заманауи демалыс орны пайда болыпты. Отбасылар бірге серуендеп, Бөлектаудың қайталанбас көрікті табиғатын тамашалап, табиғатқа деген қамқорлықты сезінетін жақсы жағдай жасалған.

Алғашқы келушілер маршруттан өтіп, аудиогидті сынап көріп, квест тапсырмаларын бағалады. Мерекелік атмосфера бұл жобаның өңірдің туристік инфрақұрылымы үшін ғана емес, ізгі мақсаттағы күш-жігерді біріктірген шын мәніндегі оқиға болғанын көрсетті.

Экосоқпақ қонақтар мен туристер үшін тартымды орынға айналып, бизнесті жаңа әлеуметтік жобаларға ұмтылдыратын және әрбір келушіге табиғатты аялап ұстаудың маңызын еске салатын көркем табиғи орын болыпты.

 

Дахан Шөкшир
26.06.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 26002
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 25453
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 42851
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 38673
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 43249