Әлемдік деңгейде жұмыс істеудің озық стандартын дұрыс жолға қоя білген KAZ Mineralsкомпаниясының жер қойнауынан пайдалы қазба өндіруде елімізде көшбасшы болып саналады. Осы компанияның еншілес бөлігі -
Аягөз ауданындағы KAZ Minerals Aktogay кәсіпорны жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтып, жастар қауымын арнайы грант бөліп оқытуға көңіл аударып отырғаны – қуана құптар жаңалық.
Алдымен айтайық, аталған бағдарлама 2018 жылдан бастап жастар болашағының негізін қалауға үлес қоса бастаған. Оған бүгінге дейін 117 студент компания бөлген грантқа ие болғаны сөзімізге дәлел. Биыл осы мақсатта KAZ Minerals Aktogay кәсіпорны 2024-2025 оқу жылында жалпы сомасы 126 млн 535 мың теңге шамасындағы 23 грант бөлмек ниетте.
Бұл туралы республикалық және аймақтық БАҚ өкілдері үшін кәсіпорын жұмысын таныстыру мақсатында ұйымдастырылған пресс-тур барысында мыс өндірумен айналысатын компания мамандары мәлімдеді. Грант иегері атанған жастар оқуын ойдағыдай аяқтап, еңбек тәжірибесінен өткеннен кейін осы кәсіпорында еңбек жолын бастайтындығы да таптырмас мүмкіндік екені анық.
Гранттарды бөлу негізінен Абай облысының мектеп түлектері үшін үлкен мүмкіндік екендігін атап өткеніміз дұрыс. Мысалы, бұған дейінгі 117 гранттың 64-ін облыстағы Аягөз ауданына қарасты Ақтоғай, Қопа, және Таңсық ауылдарының жастары лайық болып танылған.
Грант бөлініп отырған мамандықтардың түрі декәсіпорын жұмысымен тығыз байланысты. Атап айтқанда, «Пайдалы қазбалар кен орындарының геологиясы және барлау», «Тау-кен жұмыстары», «Табиғи ресурстарды қорғау және тиімді пайдалану», «Автомобиль транспорттарын қолдану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету», «Электроэнергетика» сияқты 11 мамандыққа грант бөлінбек.
Қазіргі күнде оқуын бітіргеннен кейін бірден тұрақты жұмысқа орналасқан жас мамандардың бірі Юлия Шевченконың мұнда еңбек жолын бастағанына бір жыл толыпты.
- Мен 9 сыныптан кейін Өскемендегі жоғары IT –колледжге түсіп, содан кейін KAZ Minerals компаниясының грантына ие болдым. Сондай-ақ компания бізге барлық қажетті базаны берді. Мен мұнда өндірістік және дипломның алдындағы тәжірибеден өтуге келгенмін. Түрлі бөлімдерде тәжірибе жинақтаудан өтіп, дипломға қол жеткізгеннен кейін компания өкілдері маған хабарласып, мені бірден жұмысқа алды. Осылайша техник-технолог қызметін атқаруға кірістім. Металлургиялық зертханада біз тәжірибе жүргіземіз, өндіруге болатын өнімнің барлығын зерттейміз. Бұл бағдарлама студенттердің жұмыс табуына зор мүмкіндік. Әдетте, жұмыс берушілер тәжірибесі жоқ жастарды қабылдамайды, бірақ менің грант бойынша оқып, мұнда жұмыс тәжірибесін бастағаным өмірімнің жарқын белесі басталғанын айғақтайды, - дейді Юлия Шевченко.
Иә, расында да оқу бітіргенімен тәжірибесі қалыптаспаған жастарды жұмысқа қабылдамайтын уақытта грант иегері танған жастар өздерін өндірісте сынап қана қоймай, тұрақты жұмыстабуына жол ашатын бірегей бағдарлама болып отыр. Жалпы, білім гранттарын бөлуге арналған әлеуметтік бағдарламаның түпкі мақсаты – жас таболса ынталы мамандарды дайындау арқылы қызметкерлердің жоғары біліктілік деңгейін қалыптастыру және қабілетін ояту.
- Бұлар біздің компанияның жұмыс барысы үшін де маңызды мамандықтар. Грант оқуға, тұрақжай мен стипендияға арналып бөлінеді. Одан бөлек, біздің грантпен оқыған түлектеріміз өндіріс орындарында сынақтан өтіп, теориялық білімдерін еңбек барысында қолдана алады. Жоғары оқу орнын аяқтағаннан кейін біздің грант иелері біздің компаниядағы тәжірибеден өту конкурсына қатысуға міндетті. Биыл біздің компания 113 тағылымдамадан өтушіні қабылдауды жоспарлап отыр, - дейді қызметкерлерді оқыту және дамыту бөлімінің басшысы Дархан Ербасынов.
Бағдарлама жұмысын бастаған уақыттан KAZ Minerals Aktogay 643 тағылымгерді қабылдап, 470 жас маманды тұрақты жұмысқа орналастырған.
- Сол кезде тағылымгерлерді біздің компанияға тарту туралы шешім қабылданды. Нәтижесінде 2018 жылы кадрлық жоба аясында «Тағылымдама» бағдарламасы іске қосылып, компанияны білікті мамандармен қамтамасыз ете бастады. Компания жастарды ақысы төленетін тәжірибе жұмыстарына тартады, Қазақстанда теңдесі жоқ технологиямен, жаңа құрылғылармен қамтамасыз етілген орындарда кәсіби шеберліктерін шыңдау үшін керемет мүмкіндіктер береді. Сонымен қатар, бұл бастама үздіксіз, әрі қауіпсіз нәтижелі жұмыс жүргізуге жол ашады. Мамандар басқа жаққа кетіп қалатын жағдай орын алғанда компания босаған орынға оқыған, дайындығы жоғары, білікті стажерлерді шақыра алады, - дейді Дархан Ербасынов.
Сонымен қатар, аймақта өңір тұрғындарын жаңа мамандыққа дайындау бағдарламасы да жұрт қызығушылығын арттырып отыр. Бастама компанияның жергілікті азаматтарды жұмысқа орналастыру ниетінен туындаған болатын. Бастапқыда қиындықтар болды, себебі – үміткерлердің басым бөлігінде компанияда жұмыс істеуге қажетті біліктілік болмаған еді.
- Біз өткен жылы жұмысқа тұруға ынталы азаматтар ескеруге тиіс өзіндік талаптары бар қайта мамандандыру бағдарламасын қолданысқа енгіздік. Одан өткен азаматтар біздің компанияға жұмысқа тұра алады. Ол үшін алдымен Семейдегі электротехникалық колледжде үш ай оқу керек. Бұл уақыт аралығында компания үміткердің барлық қажеттілігін, атап айтқанда, оқуы мен колледж жатақханасында тұру ақысын және стипендиясын қамтамасыз етеді., - дейді «KAZ Minerals Aktogay» ЖШС еңбек қатынастары бөлімінің басшысы Алмас Данибек.
Курс аяқталғаннан кейін үміткерлер компанияға тағылымгер ретінде жұмысқа тұрады және әрқайсына оларды үйретіп, колледжде алған білімдерін іс жүзінде жетілдіруге көмектесетін білікті жетекші-маман бекітіледі.
Осы компанияның жергілікті тұрғындармен өзара әрекет жөніндегі менеджері Динара Тұрсынқызының айтуынша, алып кәсіпорын Ақтоғай кентінің тұрғындарын, жастарын жұмысқа тартып, олардың осы кен орнынан өз саласының маманы болуға баса назар аударып отыр.
-Расында да жергілікті тұрғындармен тығыз байланыс орнатып, қайта мамандандыру өз жемісін бере бастады. Қазіргі уақыттагазэлектрдәнекерлеуші, құрал-жабдықтардыжөндеу слесарі сияқты зауыт пен фабрикаға қажетмамандарды оқыту, біліктілігін арттыру ұдайыназарымызда. Қайта даярлау бағдарламасыбойынша оқып келген Ақтоғай және Қопаауылының тұрғындары қатысқан болатын. Есесінебес адам қайта даярлаудан өтіп, KAZ MineralsAktogay компаниясына жұмысқа орналасты. Ал 9 адам осы негізде білімін толықтыру үстінде, – дейді Д. Шангереева.
Рашит Қалинұров аталған компанияға өңір тұрғындарын жаңа мамандыққа дайындау бағдарламасы бойынша келген азаматтардың бірі. Семейдегі электротехникалық колледжде үш ай оқып келген талапты жас үш ай өндіріс орнында сынақтан өтіп жүр.
- Бұған дейін құрылыс саласында, мердігерлік ұйымдарда түрлі қызметтер атқарып келдім. Содан кейін тұрақты мамандық алуды дұрыс көрдім. Менің негізгі жұмысым бақылау-өлшеуіш құралдарын құрастыру және бөлшектеу, жұмысқа дайындау, ыңғайлау. Маған бұл жұмыстың ұқыптылықты талап ететіні, зауыттағы барлық бақылау-өлшеуіш құрылғылардың үздіксіз, ақаусыз жұмыс істеуіне бағытталғаны ұнайды, - дейді Рашит Қалинұров.
Сөз соңында атап айтар тағы бір жайт, компания жергілікті халықты әлеуметтік қолдауға да баса мән береді. Айталық, компания көмегімен Аягөзқаласында политехникалық колледжініңстуденттеріне арналған жатақхана салынды, Ақтоғайда орналасқан өрт сөндіру депосыжөнделген.
“Ақтоғай және Қопа ауылдарының арасындағы 7 шақырым асфальт жол салынды, Ақтоғайауылының ішінде 2 шақырым жол жөнделді. Семейдегі көпір астындағы демалыс аумағыжасалды. Айта кететін тағы бір жағдай - компания халыққа төтенше оқиғалар кезінде дер кезіндекөмектеседі. Жақында болған тасқын су зардаптарын шеккен Солтүстік Қазақстаноблысына қаражылай көмек көрсетіп, сол жерде үйкүйсіз қалған адамдардың баспаналы болуына қолұшын берді. Дәл осындай көмек Абай облысына да көрсетілді. Бүлінген инфрақұрылымды жөндеудіқаражат бөлдік. Бұл атқарылған жұмыстардың аз ғана бөлігі”, – дейді KAZ Minerals Тобыкорпоративтік байланыстар департаментініңменеджері Ермек Дюзкенев.
Жалпы айтқанда, KAZ Minerals Aktogayкомпаниясы кен орнын игеріп, өндіріс қауіпсіздінсақтап қана қоймай, қоғамдағы әлеуметтік саланыңмаңызды мәселелерін шешуге де белсене атсалысып келеді. Яғни, бұл Абай облысыныңэкономикалық әл-қуатын арттыруда да маңыздырөл атқарады. Сондай-ақ өңірдегі оқу орындармен тығыз байланыс орнатып, қарамағындағы мамандарының біліктіліктерін арттырып, компания қызметінің өркендеуін де ұдайы назарда ұстайды.
Сәтжан Қасымжанұлы,
Абай облысы.