Әз-Наурыз мерекесіне орай, Талас ауданы Қасқабұлақ ауылында жаңа балабақша пайдалануға берілді.
Салтанатты шараға аудан әкімі Нұрбол Жүнісбеков, ардагерлере мен ауыл тұрғындары қатысты.
Аудан әкімі жиналғандарды Наурыз мерекесімен құттықтап, жаңа нысанды пайдалануға берген жеке кәсіпкерге ризашылығын жеткізді.
Жаңа балабақша 50 балаға арналған, 11 адам тұрақты жұмыспен қамтылады.
Айта кетейік, бұл аудандағы жаңадан ашылған 8-ші жеке меншік бөбекжай. Жалпы, Талас ауданында 27 балабақша бар десек, оның 19-ы мемлекеттік, 8-і жеке меншік.