Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың туылғанына 110 жыл толуына орай, ұйымдастырылған іс-шараның екінші бөлігі мұражайдың ашылуымен жағасты.
Заманауи үлгіде бой түзеп, әсемдегімен қаламызға сән беріп, өскелең ұрпаққа берер бағыты мол мұражайдың лентасын қию құрметі Жамбыл облысының әкімінің орынбасары Дәулет Кәрібекке, Д.А.Қонаев атындағы халықаралық қорының вице-президенті Болат Байболға, Жамбыл облыстық Қонаев қорының төрағасы Әлімбек Жұмабаевқа ұсынылды.
Лента қиылған соң құрметті қонақтар мұражайға тамашалауға шақырылды.
Жалпы ауданы 216 шаршы метрді құрайтын ғимарат 20 соттық жер учаскесінде орналасқан. Ғимарат 3 бөлмеден тұрады. Мұражайда Дінмұхамед Ахметұлының әр жылдарда жаса¬
лынған фотосуреттері, оның мемлекетімізді дамытып, өркендетудегі рөлі мен ерен еңбегі, адамгершілік қасиеттері мен өмірінің сан қыры көрсетілген кітаптары рет-ретімен қойылған.
Одан бөлек, бүгінгі мұражайдың ашылу салтанатына арнайы келген Д.А.Қонаев атындағы халықаралық қорының вице-президенті Болат Байбол Дінмұхамед Ахметұлының киімдерін, чемоданы мен қолданған ыдыс-аяқтарын, сондай-ақ, алып тұлғаның Сталиннен Горбачев басқарған заман арасында жазған 40 шақты кітаптарын мұражайға тарту етті.