Таластық ардагерлер аттың құлағында ойнайды

Таластық ардагерлер аттың құлағында ойнайды
Талас ауданының орталығы — Қаратау қаласының Атшабарында 50 жастан асқан ардагерлер арасында көкпар өтті.

♦ Жаужүрек бабаларымыздан қалған асыл мұраның бірі, ұлттық ойын – көкпар.

Ер жігіттің ат құлағында ойнайтын шеберлігі, ептілігі мен күш-қайраты сыналатын осынау ұлттық ойын түрі Талас ауданында кеңінен етек жайып, ерекше қарқынды дамып келеді.
♦ Көкпар командалық емес, жеке қатысушылармен өткiзiлгендiктен әр шабандоз өзінің үміт артты. Сайысқа қатысушы көкпаршылар білек күші мен ат құлағында ойнайтын шеберлігін сарапқа салды.
Сайысты тамашалауға Қаратау халқы мол жиналды.
♦ Аталмыш жарысқа аудан әкімі Қанатбек Мәдібек қатысты.
Аудан басшысы қариялармен кездесіп, жарысқа қатысушы ардагер көкпаршыларға сәттілік тіледі. Одан бөлек, ауданымыздың ат спорт түрінің дамуына елеулі үлес қосқан бірқатар азаматтарды Талас ауданына сіңірген еңбегі үшін төсбелгілерімен марапаттады.
♦ Бүгінгі өткен көкпарда демеушілікті аудан тұрғындары мен көкпар жаңашырлары атынан 700 000 теңгедей жиналып, әр салымға 30 000 теңгеден табысталды.

♦ Қазақ қыраннан қырағылықты, тұлпардан тектілікті бойына сіңірген халық. Ендеше ендігі парыз келешек ұрпаққа аманат ету.

Талас аудан әкімдігі
03.04.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 6593
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 6720
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 21702
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 20317
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 23806