Тамыздан бастап жастарға арзан несие берілмек

Тамыздан бастап жастарға арзан несие берілмек

Биыл 142 жасқа кәсіп бастау үшін 710 миллион теңге микрокредит беру жоспарланды. Жастарға 2,5 жеңілдік пайызбен берілетін микрокредиттер тамыз айынан бастап «Агронесие корпорациясы» АҚ-ның Атырау облысы бойынша филиалы арқылы беріледі. Бұл туралы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Азамат Мәмбетов мәлім етті. Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметі таратқан ақпараттардан білдік. Кәсіп бастауға жәрдемдесу бағытында жастарға микрокредит 5 жылға дейін, мал шаруашылығы саласындағы жобалар үшін мерзімі 7 жылға дейін беріледі. Оның ең жоғары сомасы – 5 миллион теңге. Кепіл болуы міндетті және оған жылжымалы немесе жылжымайтын мүлік жатады. Яғни жер учаскелері, пәтер, тұрғын үй, ғимарат, құрылғы, көлік, арнайы техника, екінші деңгейдегі банктердің есеп шоттарындағы қаражаттар және т.б. А.Мәмбетовтің айтуынша, микрокредитті 21-35 жас аралығындағы азаматтар және дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелу мерзімі бес жылдан аспағандар ала алады. – Микрокредит алу үшін үміткерлер сенім білдірілген өкілге, яғни «Агронесие корпорациясына» тиісті құжаттарды ұсынады. Онда түскен құжаттар жанжақты тексеріліп және олардың талаптарына сәйкестігімен ұсынылған бизнес жобаға бағалау жүргізеді. Одан соң бизнес-жобаларды іріктеу үшін құжаттар облыстық конкурстық комиссияға ұсынылады. Жобаларды қорғау нәтижесімен оң баға берілген жағдайда микрокредиттер беріледі, – деді А. Мәмбетов. Сондай-ақ басқарма басшысы несие алушылар қаржыны жеке мақсатына пайдалана алмайтынын атап өтті.

КҮМІС ҚАЛТЫКЕЙ
31.07.2024

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 4940
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5105
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20062
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 18708
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22166