Тараз қаласының екі тұрғыны кірген бір топ адамдар алдын ала сөз байласып, 2021 жылдың маусым айынан бастап облыс орталығындағы зауыттардың бірінен мыс кабелін жасырын түрде ұрлаған. Ұрланған кабельдің метражы жалпы 240 метрдей болды, материалдық шығын 12 миллион теңгені құрады.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 188-бабы 3-бөлігі бойынша (бөтеннің мүлкін жасырын түрде аса ірі мөлшерде, қоймаға заңсыз кірумен жасалған) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Істің барлық күдікті тұлғалары ұсталып, кінәсін толық мойындаған