Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы №5513-әскери бөлімінде Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ қолдауымен мерекелік концерттік бағдарлама өтті.
Мерекелік іс-шарада Достық үйінің «Үкілім ай» би ансамблінің мың бұралған қыздары жиылған жұртты өз өнерлерімен тамсандырса, Неміс этномәдени бірлесітігінің «Поющие сердца» вокалдық ансамблі «Я приеду в Казахстан» т.б. тамаша әндерін ұсынып, көрерменнің көзайымына айналды.
Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы №5513-әскери бөлімінің қызметкерлері де тамаша көңіл-күйде тарқасты.