Таразда 20-30 жыл бойы жарықсыз тұрған көшелер жарықтандырылды

Таразда 20-30 жыл бойы жарықсыз тұрған көшелер жарықтандырылды
 

    Тараз қаласы тұрғындарының сұраныстары негізінде инфрақұрылымды дамытудың 3 жылдық жол картасы бекітілді. Жол картасына ұзақ уақыттан бері шешімі табылмаған, қоғамдық наразылық тудырып, тұрғындар тарапынан көтерілген ең қажетті көше жолдарын жөндеу, көше жарығын орнату, су құбырын жүргізу, аулаларды абаттандыру, балалар ойын алаңдарын салу, арықтар мен лоток жүйелерін қалпына келтіру, каналдар арнасын тазалау жұмыстары енгізілді.
Бұл туралы ӨКҚ баспасөз алаңында Тараз қаласының әкімі Ержан Жылқыбаев айтты. Ол 2021 жылы инфрақұрылымды дамытуға барлығы 38,8 млрд. теңге бөлінгенін, 100-ден аса жоба жүзеге асқанын да мәлімдеді. 1,6 млрд. теңгеге 26 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілген. Әсіресе, мүлдем асфальт жабындысын көрмеген, әлеуметтік желіден жиі көтерілетін көшелер қамтылған.

«48,7 млн. теңгеге 39 қоқыс алаңшасы жөндеуден өтті. Нәтижесінде, аталған мекенжайларда тұратын 7 000-нан астам адамға өз септігін тигізді. 194,3 млн. теңгеге 41 көшенің 35,1 шақырымына жарықтандыру жүргізілді. Оның ішінде мүлдем жарығы жоқ, 20-30 жыл көше жарығын көрмеген аумақтар басты назарға алынды. Осы көшелерде тұратын 10 мыңнан астам адамның түнгі уақытта қауіпсіздігі қамтамасыз етіліп отыр. 111,3 млн. теңгеге 11,4 шақырымды құрайтын су желілері мен кәріз желілері ағымды жөндеуден өтті. Қазір 530 шақырым арық жүйесі ағын сумен қамтамасыз етіліп отыр», – деді Ержан Жұматұлы.
Спикер қаланың ирригация жүйелерін тазалау жұмыстарына жергілікті бюджеттен 120 млн. теңге бөлініп, қаланың арық желілері механикалық тазалаудан өтккенін хабарлады. Сонымен қатар, 265,4 млн. теңгеге жаңа стандарттарға сай, заманауи, әртүрлі жастағы балаларға арналған 14 аула абаттандырылған. Мұнда да Кеңес дәуірінен бері жөндеу көрмеген аулаларға басымдық берілді. Нәтижесінде, 2000-нан астам тұрғынға аулалардың қолжетімділігі артты.

21.04.2022

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 86
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 49
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 120
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 46
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 120
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 38
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 86
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 230
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 234
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 447
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 409

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9107
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8505
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11733
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9498
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10714