Таразда 34 жылдық жылу магистралі қайта жаңғыртылуда

Таразда 34 жылдық жылу магистралі қайта жаңғыртылуда

Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев тараздықтардың жайлы әрі қауіпсіз өмір сүруі үшін қажетті жағдайлар жасалып жатқанын айтты.

Облыс орталығында 2 522 пәтерлі 50 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Жыл соңына дейін 40 үй тапсырылады. Атап айтқанда, 15 шағынауданда – 34 тұрғын үй, 16 шағынауданда – 16 тұрғын үй орналасқан.

Қаланың орталық көшелеріндегі 27 көпқабатты тұрғын үйдің сәулеттік келбетін жаңарту жобасы әзірленді.

Шаһарда ұзындығы 6,1 шақырымды құрайтын М-1 жылу магистралі қайта жаңғыртылуда. Жылу магистраліне соңғы рет 1990 жылы жөндеу жұмыстары жүргізілген, тозу деңгейі 82 пайызға жеткен.

Жамбыл даңғылы, Қонаев, Сейфуллин көшелері бойындағы М-3 жылу магистралін қайта жаңғырту жобасы бойынша мемлекеттік сараптама қорытындысы алынып, республикалық бюджетке өтінім берілді. Бұл жылу магистралі 1977 жылы пайдалануға берілген, бірақ бірде-бір рет қайта жөндеуден өтпеген.

Ағымдағы жылы 76 көше түнгі жарықпен қамтылады. Қала маңындағы саяжай алқаптарында жоғары вольтты желілер мен қосалқы станциялар құрылысы басталды.

25 аулада балалар ойын алаңшасы салынды. Шағынаудандарда 8 кіші-футбол алаңшасы қолданысқа берілсе, бүгінде тағы біреуінің құрылысы жүргізілуде.

«Жасыл белдеу» бағдарламасы аясында 20 мың көшет отырғызу жоспарлануда, оның тең жартысы биыл көктемде отырғызылды.

Жамбыл облысы әкімдігі
05.09.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 177
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 172
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 682
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 802
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 716

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8868
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8263
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11491
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9247
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10474