Қазақстандық жас мүсіншілер Дулат Үсенбаев, Қанат Бигулиев, Данияр Сарбасов және Әлімжан Тоқбаев жасаған бұл туынды Тараз қаласына орнатылмақ. Қазақстанның көрнекті мемлекет қайраткерінің 110 жылдығына арналған ескерткіштің биіктігі 8 метрге жетеді. Мүсіннің өзі 4 метр және сонша биіктікте тұғыры бар.