Тараз қаласының полиция бөліміне 66 жастағы әйел тонау дерегі туралы хабарлады. Шамамен сағат 00:20-да белгісіз ер адам үйіне баса-көктеп кіріп, қорқытып, 2450 АҚШ долларын, 100 000 теңгесін, 2 алтын сақинасы мен ұялы телефонын ашық түрде ұрлап кеткен.
Жәбірленуші әйелдің айтуынша, ол қажылыққа бару үшін ақша жинаған.
Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 191-бабы 3-бөлігі 3-тармағы (Тұрғын үй-жайға заңсыз кірумен жасалған тонау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері екі күдіктіні анықтап, ұстады. Олар Тараз қаласының 47 және 51 жастағы тұрғындары, сондай-ақ, күдіктілердің бірі-жәбірленушінің күйеу баласы болып шықты.
Ұсталған күдіктілер өз кінәларын толық мойындады, тергеу амалдары жүргізілуде.