Таразда тері өңдейтін кәсіпорынға қолдау қажет

Таразда тері өңдейтін кәсіпорынға қолдау қажет
 0
Таразда тері өңдейтін кәсіпорын мемлекеттен жәрдем сұрайды. Қой терісін илеп, өңірдегі аяқ киім тігетін зауытты шикізатпен қамтып отырған цехтың өніміне сұраныс зор. Алайда кәсіпкердің шағын өндіріс орнындағы қондырғылары ескі болғандықтан бар мүмкіндікті пайдалана алмай отыр. Өңірдегі тілшіміз Нұрдос Болатұлы тарқатады.
 
Кемел Әбдуәлиев 25 жылдан бері тері өңдеу ісімен шұғылданып келеді. Кәсіпкердің таза өніміне сұраныс жоғары. Бірақ 50 жыл болған ескі техникамен сапалы өнім шығару мүмкін болмай тұр. Өндірісті арттыру үшін жаңа инновациялық станоктар қажет. Ол үшін мемлекеттен грант бөлінсе дейді кәсіпкер.
Кемел Әбдуәлиев, кәсіпкер:
Дәлі қазіргі шығарып отырған станоктар ескі. Мен соны жаңалап, жан-жақтағы сұраныстарды орындасам ба деген ойым бар. Сұраныс өте жоғары. Сырт мемлекеттен де бар. Ішкі өзіміздің нарық та жетіп жатыр негізі. Шикізатқа өте баймыз. Бұл теріден керемет дүниелер жасауға болады.
Кәсіпорында 11 адама жұмыс істейді. Әрқайсының өз міндеті бар. Керімбек Әбілбекұлы осында біраз жылдан бері тері илейді. «Жұмыс ауыр. Қондырғы жасайтын көп жұмысты, қолдың күшіне салуға тура келеді»,- дейді ол.
Керімбек Әбілекұлы, тері өңдеуші:
Мен бұл жерде шикі терін алып келемін. Қол бос кезде терілердің сәнін келтіремін. Дұрыстап фабрикаға тері дайындаймын. Суға түседі одан әрі  құрғақ цехқа келеді. Одан соң әрлене береді.
Кәсіпорын қойдың терісін илеп дәл мынандай сапалы өнім шығарады. Мұнда күніне шамамен 600 тері өңделеді. Ал түрлі процестерден өткеннен кейін бұл әрі қарай Тараздағы аяқ киім тігетін зауытқа жолданады. Ондағы мамандар бір қойдың терісінен екі аяқ киімнің ішкі жүнін тігеді.
 
Ал, зауытта жұмыс қызу. Күніне мыңдаған аяқ киім тігіледі. Бірақ, өңделген тері өте қат. Қайта өңдеу саласына айрықша қолдау болмайынша, өндірісті өркендету мүмкін емес дейді мұндағылар.
Шамұхтар Шайнусов, зауыт директорының орынбасары:
Менің айтқым келетіні біз аяқ киім тігеміз. Оның ішіндегі терілерді осындай шағын цехтар бізге дайындап береді. Кейде бізде де сол қажет өнім тапшы болады. Сондықтан осы кіші цехтарды мемлекет қолдаса, біздің де аяқ киім өндірісіміз әрі қарай арта түсер еді. Бастысы табиғи сапалы.
Алайда, жұмыс істеп жатқан кәсіпкерлер үшін арнайы грант қарастырылмаған болып шықты. 5 миллионға дейінгі қайтарымсыз қаржы жаңа жобаларға ғана беріледі. Тек пайызы төмен несие алып кәсібін кеңейтуге мүмкіндік бар.
Ислам Тұрсынбек, облыстық кәсіпкерлік басқармасының бас маманы:
Егер де кәсіпкерлер өздерінің ісін жаңартқысы келсе, инвестиция жасағысы келетін болса, мемлекет тарапынан ол кісіге кредиттік түрдегі субсидиялар бар. Немесе мемлекет тарапынан кепілдендіру секілді, бағдарламалар бар. Оларға қатыса алады.
Жалпы өңір бойынша өткен жылы 3 мыңнан аса жобаға мемлекеттік бағдарлама арқылы төмен пайызбен несие берілген. 1164 кәсіпкер мүлкін кепілге қойып қаржы алған.
 
Нұрдос Болатұлы
12.03.2022

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 131
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 55
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 169
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 51
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 165
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 44
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 131
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 276
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 279
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 493
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 451

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9150
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8548
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11776
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9543
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10756