ТАРАЗДА ЗАМАНАУИ ӨНДІРІС ОРЫНЫ АШЫЛДЫ

ТАРАЗДА ЗАМАНАУИ ӨНДІРІС ОРЫНЫ АШЫЛДЫ

Тараз қаласында «Алель Агро» акционерлік қоғамы Жамбыл филиалының өндірістік инкубаторы іске қосылды.

Нысанның ашылу рәсіміне Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков арнайы қатысып, кәсіпорынның құс шаруашылығына тың серпін беретінін айрықша атап өтті.

– Кез келген мемлекеттің әлеуеті артуы үшін ең бірінші өндіріс өркендеуі қажет.  Сондай-ақ, экономикалық өсімді тұрақты қамтамасыз ету үшін де жаңа өндіріс орындарын ашып, экономиканың нақты секторына инвестиция тартуымыз керек.  Бұл –  мемлекеттік саясаттың басты басымдықтарының бірі.

Мемлекеттің жан-жақты қолдауының нәтижесінде, облыс орталығы – Тараз қаласы  да инвестиция игілігін сезініп келеді.  Бүгінде  осы бағытта қаламызда құны 35 миллиард теңгені құрайтын 6 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда.  Жобалар іске асырылғанда 944 жаңа жұмыс орындары ашылады деп көзделуде. Сонымен қатар құны 48  миллиард  теңгені құрайтын 3 инвестициялық жобаны іске асыру бойынша арнайы келіссөздер жүргізілуде. Осы ретте, бүгін өз жұмысын бастаған «Алель Агро» акционерлік қоғамының облыстық филиалы  қаламыздағы кәсіпкерліктің көкжиегін кеңейтіп, дамудың жаңа белесіне бастайды деген сенімдемін, – деген Бақытжан  Әмірбекұлы шаһардың өндірісін өркендету бағытындағы жұмыстар мұнымен тоқтап қалмайтынын жеткізді.

Жылына 38 миллионға жуық балапан шығаруға қауқарлы өндіріс орны   50 адамды тұрақты жұмыспен қамтиды. Құны 2 миллиард 689 миллион теңгені құрайтын өндірістік инкубатор заманауи құрал-жабдықтармен қамтылған. Сондай-ақ инкубаторға қажет шикізаттар компанияның өз өндірісі арқылы жүзеге асырылады. Ал өнімдерді негізгі өткізу көздері –  «Алель Агро» АҚ-ның меншігіндегі құс фабрикалары мен фермерлік қожалықтары.

 

 

 

Тараз қаласының әкімдігі
10.10.2024

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: САУРАН АУДАНЫНДА КҮЗГІ КӨШЕТ ЕГУ ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 132
ТҮРКІСТАН: Р.СЕЙТМЕТОВ АТЫНДАҒЫ ТЕАТРДА БИЫЛ 130-ҒА ЖУЫҚ ҚОЙЫЛЫМ ҚОЙЫЛҒАН
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі - 03.12.2024 16
МӘСКЕУДЕН ТҮРКІСТАНҒА НҰРТАС ОҢДАСЫНОВТЫҢ ШАПАНЫ МЕН КІТАПТАРЫ ӘКЕЛІНДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 68
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ КӨРСЕТУДЕН НЕГІЗСІЗ БАС ТАРТУҒА ЖОЛ БЕРІЛМЕЙДІ
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 03.12.2024 62
ТҮРКІСТАНДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯНЫҢ ТҮРКИЯҒА ІССАПАРЫ БАРЫСЫНДА 9 МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 47
Батыс Қазақстан: Тарихи мекенге сапар
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Орал-Хан ордасы-Орал - 30.11.2024 464
Ауылшаруашылығын өркендеткен ауқымды істер
Голрох ЖЕМЕНЕЙ, Маңғыстау облысы - 29.11.2024 432
Сыр өңіріндегі өрісті істер
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.11.2024 456
Тал түсте Шығысты қараңғылық бастырған «бір сағаттық белдеуге қарсымыз» дейді халық
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, экспедицияның мүшесі, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 28.11.2024 448
МӘСЛИХАТ МЕРЕЙТОЙЫ – ЖАҢАРУДЫҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІСІ
С. КӘРІПБАЕВ, Абай облысы - 28.11.2024 446
 Павлодарда бірнеше зауыт салу жоспарлануда
Тілеуберді САХАБА, Павлодар облысы - 28.11.2024 463
 Қала бюджеті артып отыр
Ш.МЕКЕНБАЙҰЛЫ, Шымкент қаласы - 28.11.2024 453
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 646

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9688
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 9067
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 12301
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 10072
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 11281