Бүгін шаһар басшысы Ержан Жылқыбаев қалалық мәслихат депутаттары алдында есеп берді. Атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспар тілге тиек етілді.
Өткен жылы орын алған түрлі кедергілерге қарамастан, қалада ауқымды жұмыстар атқарылды. Ең маңыздысы, тұрғындар жылдап көтеріп келген жол, жарық, ауыз су сынды мәселелердің бірқатары шешімін тапты. 131 құрылыс нысанының қазығы қағылды.
Оның 53-і — биылға өтпелі. 29 көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді.
2022 жылы қаланың 123 көшесіне түнгі жарық шамдары орнатылады. 34 көше орта, 4 көше күрделі жөндеуден өтеді.
Сондай-ақ, 100 ауланы абаттандыру жоспарда. Тозығы жеткен 50 үй жөндеуден өтеді. Сонымен қатар, 15-мөлтек ауданнан 42 тұрғын үй пайдалануға беріледі. Кәсіпкерлікті қолдау бағытында 74 жобаны жүзеге асыру қарастырылуда. Өткен жылы халықтың ықыласына бөленген «Таразға тарту» жобасы биыл да жалғасады.
Өз кезегінде мәслихат депутаттары халықтың көкейіндегі мәселелерді көтерді.Оның ішінде жол,ауыз су,қаладағы бағдаршамдардың қазіргі жағдайы, және т.с.с өзекті мәселелерді қозғап,талқыға салды.Бұл бағыттағы жұмыстар систематикалық негізде іске асырылуда.Әр сауал бойынша зерделеу жұмыстары жасалынып,шешімін табады.
Есепті қорытындылаған қала әкімі Таразды түлету жолында түзілген жоспарға сай жұмыстар кезең-кезеңмен атқарылатынын айтты.