«ТАРАЗҒА ТАРТУ» ЖОБАСЫ БИЫЛ ЖАЛҒАСА МА?

 «ТАРАЗҒА ТАРТУ» ЖОБАСЫ БИЫЛ ЖАЛҒАСА МА?

Тотыдай таранып, сұңқардай сыланып, қырандай түлеп, ажары айшықталып, көркі кірген Тараз қаласындағы соңғы екі-үш жылда орын алған өзгерістерге бір сәт көз жүгіртсек, бейнелеп айтқанда күн сайын емес, сағат сайын өсіп, ержететін ертегі кейіпкерлері ойға оралады. Себебі шаһардың сәулеттік кескін-келбетін жаңғыртып, көркін айшықтайтын тың жобалар қолға алынып, айналып болмас аядай ғана уақыт ішінде ауқымды жұмыстар атқарылды. 

Әсіресе өткен жылы облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен жүзеге асқан «Таразға тарту» жобасының жөні бөлек. Жарқын жоба аясында облыс орталығындағы саябақтар, аллеялар, скверлер және ойын алаңшалары, барлығы 42 нысан бір жылда демеушілер есебінен абаттандырылып, жаңаша сипатқа ие болды. Аудан әкімдіктері, басқармалар, бірқатар ірі мекемелер, мәслихат депутаттары тарихи Тараз шаһарын түлетуді, түрлентуді мақсат еткен игі іске жұдырықтай жұмылып, ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай тұрғындарға тамаша тартулар жасады. 

Шаһардың шырайын келтірген, көз сүйсініп, көңіл марқаятын жұмыстың барлығы облыстық, республикалық баспасөз беттерінде, әлеуметтік желіде де жарыса жазылып жатқандықтан бір ізді шиырлай бергеннің реті де, жөні де жоқ. Бір ғана мысал айтайық. Өткен жылдың желтоқсанында тәуелсіздік мерекесі қарсаңында «Үшбұлақ-2» жағалауы жаңартылып, халыққа пайдалануға берілді. Ұзындығы – 850 метрді құрайтын нысанның абаттандырылуына «Қазфосфат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 300 миллион теңгеге демеушілік жасаған. Жағалау Д.Қонаев көшесінен басталып, Зербұлақ көліне дейін жалғасады. Су ортасында диаметрі 19 метр болатын «жасанды арал» салынған. Аралда қазақы жылнамадағы жыл басы болуға таласқан жануарлардың мүсіндері орналасқан. Жасанды арал көпір арқылы жаяу жүргіншілер жолына қосылған. 

Сондай-ақ нысанның сол жақ қанаты мәрмәр түйіршіктерінен әзірленген ою-өрнектермен безендірілген. Сонымен қатар ұзындығы 60 метрді құрайтын аспалы көпір толықтай жөнделіп, қыс мезгілінде тайғанап кетуден сақтайтын арнайы жабынды төселген. Одан бөлек, жағалау бойына заманауи «Street Workout» алаңшалары мен 2 әткеншек қойылған. Арнайы веложолақ та салынған.

Ал бұрын «Үшбұлақ» каналының жағалауына қарай адам аяқ баспайтын-ды. Тіпті шаһардағы қауіпті орындардың бірі болатын. Жағалаудың жаға ұстатарлық жайы қаншама жылдан бері жиі-жиі сын садағына ілініп жүргенімен «баяғы жартас, сол жартас» күйінде қалып келді. Лайықты көңіл бөлінбегендіктен жыл санап көркі қашып, демалатын орынға емес, бұзақылардың мекеніне айналып бара жатқан еді. Алайда «Таразға тарту» жобасының арқасында қараусыз қалған «Үшбұлақ-2» жағалауы бүгінде жанға жайлылық сыйлайтын, көл көркемдігі көз сүйсінтіп, күміс суы көңіл жадырататын таптырмас демалыс орнына айналды. Тек «Үшбұлақ-2» жағалауы ғана емес, «Таразға тарту» жобасы аясында пайдалануға берілген әрбір нысан қала тұрғындарының қуанышын еселеп, шаһардың шырайын арттырды.

Егер облыс орталығының ажарын ашып, көркін кіргізу бағытындағы жұмыстардың тамырына қан жүгірткен жоба ағымдағы жылы да жалғасын тапса қаланың талай кем-кетігі, жоқ-жітігі түгенделіп қалар еді. Осы орайда қала тұрғындары тарапынан да ауық-ауық айтылып, әлеуметтік желіде көтеріліп жүрген «Таразға тарту» жобасы биыл жалғаса ма?» деген сұрақты Тараз қаласы әкімінің кеңесшісі Зарина Қуатоваға қойдық. 

Зарина Пердыбекқызының айтуынша, жоба 2022 жылы да өз жалғасын табады. Яғни қаланың шеткі аумақтарында дайындалған 16 орын жоба шеңберінде абаттандырылмақ. Атап өтер болсақ, бірқатар көше қиылыстарында, ықшамаудандарда құрылыс жұмыстары қарқын алатын болады. Сондай-ақ «Қарасу-2», «Қарасу-3» каналының аумағы да көз тартарлықтай кейіпке енеді. Одан бөлек «Ауыл шаруашылығы» сквері мен «Қаржы» аллеясында абаттандыру жұмыстары биыл да жалғасып, жоспарға сай жұмыстар жүргізіледі. 

17 наурызда қала тұрғындары алдында есеп берген Тараз қаласының әкімі Ержан Жылқыбаев өткен жылы атқарылған жұмыстарды, алдағы жоспарларды баяндай келе 2022 жылы жүзеге асатын ірі жобаларды да атап өтті. Қала әкімінің баяндамасына сүйенсек, биыл «Жеңіл атлетика» манежі, «Өнер» үйі, «Бокс» орталығы, «Мұз» аренасы, «Волейбол» орталығы, «Үлкен теннис» орталығы, «Оңалту» орталығы, «Иппотерапия», «Визитцентр», «Жастар үйі», «Неке қию» сарайы, «Ипподром» және «Ойын-сауық» орталығы сынды ірі жобаларды іске асыру көзделуде. Аталған жобалардың бесеуі бюджет есебінен, ал қалған жеті нысанның құрылысын инвесторлар есебінен жүргізу жоспарлануда.

Яғни биыл да көне шаһарды көп өзгерістер күтіп тұр. Егер жоспарланған жобалар сәтті жүзеге асса, талайғы Тараздың талайды таңдандырары сөзсіз. 

Өткен жылы оң нәтижесін берген «Таразға тарту» жобасы биыл аудандарда жалғасын таппақ. 

Жуырда облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Сарысу ауданына жұмыс сапарымен барып, аудан әкімі Марат Сұлтанғалиевтің халық алдындағы есеп беру кездесуіне қатысты. Сонда аймақ басшысы «Жаңарған Жаңатас» жобасына қысқаша тоқталып өтті.

«Өткен жылы сәтті жүзеге асқан «Таразға тарту» жобасы биыл «Жаңарған Жаңатас» деген атаумен жалғасатын болады. Жоба аясында демеушілердің есебінен 14 нысанда жұмыстар жүзеге асып, аудан орталығының көркі арта түсетін болады», – деді Бердібек Машбекұлы. 

«Жаңарған Жаңатас» жобасы бойынша Сарысу ауданы әкімінің орынбасары Сәкен Мамытовпен тілдескенімізде 14 нысанның эскизі дайындалғанын, мақұлданса жоспарға сай жұмыстар басталатынын тілге тиек етті. 

– Өткен жылы облыс әкімі Бердібек Машбекұлының бастамасымен қолға алынған «Таразға тарту» жемісті жүзеге асты. Бір жылда ауыз толтырып айтарлықтай жұмыстар атқарылды. Аймақ басшысының тапсырмасына сай биылғы жылы жоба «Жаңарған Жаңатас» деген атаумен ауданымызда жалғасын таппақ. Қазіргі таңда 14 нысанның эскизі дайындалды. Жобалардың жемісті жүзеге асуына аудан әкімдіктері, сондай-ақ ауданымыздағы ірі-ірі кәсіпорындар демеушілік көрсететін болады. Осылайша «Жаңарған Жаңатас» жобасы Жаңатасты жаңаша кейіпке енгізіп, қаланың өзіндік кескін-келбетін аша түсетін болады, – дейді Сәкен Үмбетұлы.

Алдағы уақытта жоба әр ауданда жүзеге асырылады деп жоспарлануда. Егер жоба орта жолдан тоқтап қалмай, сәтті жүзеге асып жатса ел мен жерді жайнатып, сәнін келтіруге үлкен демеу болары сөзсіз. Әйтеуір Тараздан басталған жемісті жобаның аудандарда жүзеге асуы ақсап қалмаса болғаны... 

 

Талғат НҰРХАНОВ, arainfo.kz
06.04.2022

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 112
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 53
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 147
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 49
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 145
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 42
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 112
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 256
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 259
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 470
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 431

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9131
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8528
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11755
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9524
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10736