Тарихы терең диірмен тасы

Тарихы терең  диірмен тасы

Байзақ аудандық тарихи-өлкетану музейінде бүгінде 4 мыңға жуық жәдігер бар. Оның барлығы да маңызды әрі құнды дүниелер. Музей жақында тағы бір құнды жәдігермен толықты.

Ол XIX ғасырға тиесілі үлкен көлемдегі диірмен тас. Оны «Музейге сый» акциясы аясында А.Суханбаев ауылдық округіне қарасты Қосы батыр ауылының тұрғыны Өзенбай Бейсенбек табыстады.

«Бұл тас ауылымыздың маңынан табылып отыр. Ауыл тұрғындары кезінде осынау тастың көмегімен бидай үгітіп, ұн алған. Бетінде гүл тәріздес бедерлері бар. Диірмен тастың салмағы 900 келіден асады. Осынау ерекше тас аудандық музейде тұрсын деген шешімге келдім. Қазіргі кейбір жастар диірменді де ұмытып бара жатыр емес пе? Осы диірмен тасты көріп, ұлттық құндылықтарымыздан алыстамай жүрсін деген тілегім бар», – дейді ол.

Музей директоры Артықбай Нариманұлы Үкібаев: «Аталған тасты арнайы келіп тамашалаушылар көп. Бір диірменнің 900 келі тартуы сирек жағдай. Жәдігер жинақтау ісі мейлінше жандана түсуде. Ауылдардан құм, топырақ басып жатқан құндылықтардың табыла береріне сенеміз», – дейді.

Жалпы, Байзақ ауданы аумағында тарихи қалашықтар мен ел аузында жүрген жер, су атаулары өте көп. Сондықтан, жәдігерлердің табыла беретіні де күмәнсіз. Ауданымызда қорымдарда жерді қазып дайындағанда топырақ астынан қыш құмыра, қылыш қанжар, әшекейлер тағы басқа бұйымдар табылуда, оны қайта орнына қойып, мәйітпен бірге қайта көмуде. Топырақ астынан аршылған дүниелер аудан тұрғындары үшін ерекше қазына болып саналады. Сол үшін аталған ауданның аумағынан қандай құндылықтар табылып жатса да таңдануға болмайды. 

 

Төле НАРЖАНОВ, Еңбек ардагері, зейнеткер, Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылы
28.08.2024

Ұқсас жаңалықтар

Негізгі миссия - Заң және тәртіп
Бас прокуратураның баспасөз қызметі - 24.02.2025 577
ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА ЖАС ПОЛИЦЕЙЛЕР СЕНБІЛІККЕ АТСАЛЫСТЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 10.02.2025 40
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖАУЫНГЕРЛЕР КЕЗЕКТІ ДАЙЫНДЫҚТАРЫН ЖҮРГІЗДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 10.02.2025 23
ТӨЛЕБИДЕ ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА ОБЛЫСТЫҚ АШЫҚ БІРІНШІЛІК ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 09.02.2025 63

Топ жаңалықтар

1
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 14719
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 13502
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 16795
4
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 15667
5
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 20741