Тәртіп пен тазалықты ту еткен рейд

Тәртіп пен тазалықты   ту еткен   рейд

Астанада «Заң мен тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында қоғамдық тәртіп пен тазалықты сақтауға бағытталған кезекті профилактикалық рейд ұйымдастырылды. Бұл жолғы іс-шара Нұра ауданындағы Орталық саябақта өтті.

Рейдке аудан әкімдігі, Нұра аудандық полиция басқармасы және еріктілер қатысты. Іс-шара барысында демалушыларға қоғамдық орындардың тазалығын сақтау, қоқысты арнайы жәшіктерге тастау және табиғатқа ұқыпты қарау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, ақпараттық парақшалар таратылды.

«Бүгінгі іс-шараның негізгі мақсаты – қоғамдық қана емес, экологиялық тәртіп мәдениетін қалыптастыру. Әсіресе жаз мезгілінде демалушыларды қоқыс қалдырмауға, табиғатты аялауға және тазалық сақтауға шақырамыз. Жастар арасында түсіндіру жұмысына ерекше көңіл бөлеміз. Заңға және қоршаған ортаға құрметті жастайынан қалыптастыру өте маңызды», – деді Нұра аудандық полиция басқармасы қоғамдық тәртіп бөлімінің бастығының орынбасары Азамат Әжібаев.

Елорда тұрғыны Әділет Омаров мұндай бастамалардың қоғам үшін маңызы зор екенін атап өтті.

«Бүгін отбасымызбен табиғат аясында серуендеуге шықтық. Біз балаларымызға қоғамдық тәртіпті сақтап, қоршаған ортаға ұқыпты қарауды үнемі үйретеміз. «Таза Қазақстан» жобасын әрдайым қолдаймыз, оның маңызын үйде балаларымызға да, жұмыста әріптестерімізге де түсіндіреміз. Елімізде заң мен тәртіп үстемдік құрып, қоғамда тыныштық орнап, табиғатқа жанашырлық әр адамның өмірлік ұстанымына айналса екен деймін», – деді ол.

Айта кетейік, «Заң мен тәртіп» қағидаты мен «Таза Қазақстан» акциясы аясындағы профилактикалық рейдтер елорданың барлық ауданында тұрақты түрде өткізіліп келеді.

 

Ерқазы СЕЙТҚАЛИ
30.07.2026

Ұқсас жаңалықтар

Бұл құрылтайда кәсібилік  болмаса, бәрі бекер...
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 06.08.2026 150
Талғарда   тоғызқұмалақтың   үздіктері анықталды
Ә.ФАЗЫЛОВА, Алматы облысы - 06.08.2026 104
Маңызды жобалар басталды
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 06.08.2026 107

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 26759
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 26188
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 43581
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 39363
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 43984