НОМАД Иншуранс» Сақтандыру компаниясы» АҚ басшылығына және акционерлеріне
ПІКІР Біз «НОМАД Иншуранс» Сақтандыру компаниясы» АҚ (бұдан әрі – «Компания») қаржылық есептілігіне 2023 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша қаржылық жағдай туралы есептен, пайдалар немесе шығындар және өзге де жиынтық кіріс туралы есептен, капиталдағы өзгерістер туралы есептен және нұсқалған жыл ішіндегі біткен ақша қаражатының қозғалысы туралы есептен тұратын аудит жүргіздік, сондай-ақ есеп саясаты туралы маңызды ақпаратты қоса алғанда, қаржылық есептілікке ескертпелерді жасадық. Біздің пікірімізше, қоса беріліп отырған қаржылық есептілік 2023 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Компанияның қаржылық жағдайын, сондай-ақ оның қаржылық нәтижелерін және қалықаралық қаржылық есептілік стандарттарына («ХҚЕС») сәйкес көрсетілген күнде аяқталған жылдың ішінде ақша қаражатының қозғалысын барлық елеулі қатынастарда шынайы көрсетеді. Пікірді білдіру үшін негіз Біз аудитті Халықаралық аудит стандарттарына («ХАС») сәйкес жүргіздік. Біздің жауапкершілігіміз туралы нұсқалған стандарттарға сәйкес бұдан әрі біздің қорытындымыздың «Қаржылық есептілік аудиті үшін аудитордың жауапкершілігі» бөлімінде жазылған. Біз Қазақстан Рсепубликасында қаржылық есептілік аудитіне қолданылатын этикалық талаптарға сәйкес Компанияға қатысты тәуелсізбіз және осы талаптарға сәійкес өзге де этикалық міндеттерімізді орындадық. Біз қабылдаған аудиторлық дәлелдер біздің пікірімізді білдіруге негіз болу үшін жеткілікті және тиісті деп санаймыз. Басшылықтың және корпоративтік басқару, қаржылық есептемеге жауапты тұлғалардың жауапкершілігі Басшылық ҚЕХС-қа сәйкес көрсетіген қаржылық есептілікті дайындау және дұрыс ұсыну үшін және басшылық жосықсыз іс-әрекеттер немесе қателер салдарынан елеулі бұрмалауларды қамтымайтын қаржылық есептілікті дайындау үшін қажетті деп санайтын ішкі бақылау жүйесі үшін жауапты болады. Қаржылық есептілікті дайындау кезінде басшылық Компанияның өз қызметін үздіксіз жалғастыру қабілетін бағалауға, қызметтің үздіксіздігіне қатысты тиісті жағдайларда мәліметтерді ашуға және басшылық Компанияны ликвидациялауға, қызметін тоқтатуға немесе бұдан басқа қандай да бір басқа нақты балма жоқ болатын жағдайларды санамағанда, қызметтің үздіксіздігі туралы жорамал негізінде қаржылық есептілікті жасауға жауапты болады. Корпоративтік басқаруға жауапкершілік көтеретін тұлғалар «НОМАД Иншуранс» Сақтандыру компаниясы» АҚ қаржылық есептілігін дайындауды қадағалауға жауапты болады. Аудиторлық қаржылық есептілік аудиті үшін жауапкершілігі Біздің мақсатымыз қаржылық есептілікте жосықсыз іс-әрекеттер немесе қателер салдарынан елеулі бұрмалаулар жоқ екендігіне ақылға қонымды сенімділік алу және біздің пікірімізді қамтитын аудиторлық қорытынды шығару болып табылады. Ақылға қонымды сенімділік жоғары сенімділік дәрежесін білдіреді, бірақ Халықаралық аудит стандарттарына сәйкес жүргізілген аудит олар болған кезде әрдайым елеулі бұрмалаушылықтарды анықтайтынына кепілдік болып табылмайды. Бұрмалау жосықсыз әрекеттердің немесе қателіктердің нәтижесі болуы мүмкін және егер олар жеке-жеке немесе жиынтығына пайдаланушылардың осы қаржылық есептіліктің негізінде қабылданатын экономикалық шешімдеріне әсер етуі мүмкін деп негізді түрде болжауға болатын болса, елеулі болып саналады. Халықаралық аудит стандарттарына сәйкес жүргізілетін аудит шеңберінде біз кәсіби пайымдауды қолданамыз және бүкіл аудит барысында кәсіби скептицизмді сақтаймыз. Сонымен қатар, біз мыналарды орындаймыз: • жосықсыз іс-әрекеттер немесе қателер салдарынан қаржылық есептіліктің елеулі бұрмалану тәуекелдерін анықтаймыз және бағалаймыз; осы тәуекелдерге жауап ретінде аудиторлық рәсімдерді әзірлейміз және жүргіземіз; пікірімізді білдіруге негіз болу үшін жеткілікті және тиісті болып табылатын аудиторлық дәлелдемелерді қабылдаймыз. Жосықсыз іс-әрекеттер нәтижесінде елеулі бұрмалануды анықтамау тәуекелі қателік нәтижесінде елеулі бұрмалануды анықтамау тәуекелінен жоғары, өйткені жосықсыз іс-әрекеттер сөз байласуды, жалғандықты, қасақана өткізіп жіберуді, ақпаратты бұрмаланған ұсынуды немесе ішкі бақылау жүйесінен тыс әс-әрекеттерді қамтуы мүмкін; • Компанияның ішкі бақылау жүйесінің тиімілігі туралы пікір білдіру мақсатында емес, жағдайларға сәйкес келетін аудиторлық рәсімдерді әзірлеу мақсатында аудит үшін маңызы бар ішкі бақылау жүйесі туралы түсінік аламыз; • қолданылатын есеп саясатының тиісті сипатын және басшылық есептеген бағалау мәндерінің негізділігін және ақпараттың тиісті ашылуын бағалаймыз; • басшылықтың қызметтің үздіксіздігіне жол беруінің заңдылығы туралы қорытынды жасаймыз, ал алынған аудиторлық дәлелдемелердің негізінде «НОМАД Иншуранс» Сақтандыру компаниясы» АҚ -ның өз қызметін үздіксіз жалғастыру қабілетіне елеулі күмән тудыруы мүмкін оқиғаларға немесе жағдайларға байланысты елеулі белгісіздіктің баржоғы туралы қорытынды жасаймыз. Егер біз елеулі белгісіздіктің бар екендігі туралы қорытындыға келсек, біз аудиторлық қорытындымызда қаржылық есептіліктегі ақпаратты тиісті түрде ашуға назар аударуымыз немесе, егер мұндай ақпаратты ашу тиісті емес болып табылса, өзіміздің пікірімізді өзгертуіміз керек. Біздің тұжырымдарымыз аудиторлық қорытынды жасағанға дейін алынған аудиторлық дәлелдерге негізделген. Алайда, болашақ оқиғалар немесе жағдайлар компанияның өз қызметін үздіксіз жалғастыру қабілетін жоғалтуына әкелуі мүмкін; • қаржылық есептіліктің ұсынылуын тұтастай оның құрылымы мен мазмұнын, оның ішінде ақпаратты ашуды, сондай-ақ қаржылық есептіліктің, оның негізінде жатқан операциялар мен оқиғалардың дұрыс ұсынылуын қаматамасыз ететіндей етіп ұсынуын бағалауды жүргіземіз. Аудитордың қаржылық есептілік аудиті үшін жауапкершілігі (жалғасы) Біз «НОМАД Иншуранс» Сақтандыру компаниясы»АҚ корпоративтік басқаруға жауапты тұлғалармен аудиттің жоспарланған көлемі менмерзімі туралы ақпаратты, сондай-ақ аудит нәтижелері бойынша елеулі ескертулер, оның ішінде біз аудит процесінде анықтайтын ішкі бақылау жүйесінің елеулі кемшіліктері туралы ақпаратты олардың назарына жеткізе отырып, ақпараттық өзара іс-қимылды жүзеге асырамыз.