Тәуелсіздік күні қарсаңында «Жастар Рухы» акция өткізді

Тәуелсіздік күні қарсаңында «Жастар Рухы» акция өткізді

Тәуелсіздік күні қарсаңында «AMANAT» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанатының белсенділері елордадағы «Қаламгерлер» аллеясында «Алаш» қозғалысының көшбасшыларына арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойды.

«AMANAT» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанатының белсенділері Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы жәнеМіржақып Дулатұлы ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, оларды бір минут үнсіздікпен еске алды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Тәуелсіздік – ұлт рухының діңгегі» акциясы – Азаттық жолында құрбан болған «Алаш»қозғалысының ұлы қайраткерлерінекөрсетілген құрмет.

«Жастар Рухының» төрағасы Нұржан Жетпісбаевтың айтуынша, Тәуелсіздік – халқымыздың қастерлі құндылығы екенін жастар қауымы жақсы түсінуі тиіс.

«Тәуелсіздік – еліміздің әрбір азаматы үшін қасиетті ұғым. Соның арқасында Қазақстан жемісті жетістіктерге қол жеткізді. Бостандық ұлттық рухымыздың «өзегі» екенін жастар қауымы терең түсінсе дейміз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, Алаш қайраткерлерінің дербес мемлекет болып, жер жүзімен терезесі тең қатынас орнату жөніндегі арман-мақсаты жүзеге асты. Тәуелсіздікті нығайту және мемлекеттілікті қорғау – тарлан тарих пен болашақ ұрпақ алдындағы парызымыз екеніне сенімдімін», – деді Нұржан Жетпісбаев.

Осындай іс-шаралар еліміздің барлық өңірінде өтті.

 

 

Суретті түсірген Әлішер Қадышев

 

«AMANAT» партиясының баспасөз қызметі
18.12.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 38
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 100
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 30
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 38
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 44
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 37
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 95
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 100
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 295
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 289
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 910

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8984
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8379
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11604
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9362
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10588