Тәуелсіздік күніне орай спорттық шаралар өтті

Тәуелсіздік күніне орай спорттық шаралар өтті

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №59 мекемесі және Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының бірлесе ұйымдастыруымен сотталғандар арасында спорттық іс-шаралар өткізілді.

Мерекеге орай сотталғандардың салтанатты жиынында 16- желтоқсан “Тәуелсіздік күні” елімізде болған оқиғаны қысқаша баяндап, ұрпаққа тарту еткен кең байтақ еліміз жайында сотталған азаматтарға баяндама жасалды. Мерекелік іс-шараны мекеменің тәрбие жұмыстары жөніндегі бөлім басшысы Құрманқұл Мұқағали Жұмағалиұлы сотталған азаматтар арасындағы спорттық іс-шарадан бастады. Атап айтқанда, шахматтан жарыс, гір тасын көтеру, турникке тартылу, арқан тартысы сондай-ақ, қол күрес арқылы бір-бірімен бақ сынасты. Сотталған азаматтар шараға белсене қатысып, мерекемен құттықтады. Белсенділік танытқан сотталған азаматтарға мерекеге орай алғыс хаттар тарту етілді.

Барша қазақстандықтарды келіп жеткен, ата-бабамыз аңсаған тұғырлы тәуелсіздік мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз. Егеменді еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!

13.12.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЖЕМҚОРларМЕН КҮРЕС – ОТАНҒА ҮЛЕС
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.05.2025 630
ЖАС САРБАЗДАР САҚАДАЙ САЙ
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.05.2025 633
ШЫҒЫСТАҒЫ  ШЫРАЙЛЫ ЖҮЗДЕСУЛЕР
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының бас редакторы - 28.05.2025 664

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 13735
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 13696
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 28816
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 27487
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 31002