TAV Airports Holding бас директоры Серкан Каптан мен Алматы халықаралық әуежайының президенті Гокер Косе Премьер-Министр Олжас Бектеновке әуежайдың 2050 жылға дейінгі стратегиялық даму бағдарламасының іске асырылу барысы туралы баяндады

TAV Airports Holding бас директоры Серкан Каптан мен Алматы халықаралық әуежайының президенті Гокер Косе Премьер-Министр Олжас Бектеновке әуежайдың 2050 жылға дейінгі стратегиялық даму бағдарламасының іске асырылу барысы туралы баяндады

 Кездесу Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халықаралық әуе хабын құру жөніндегі тапсырмаларын орындау аясында өтті.

Кездесу барысында қазіргі уақытта ішкі рейстер терминалын қайта жаңарту, заманауи мұздануға қарсы өңдеу алаңын салу, әуежай маңындағы тұрғын үйлерге шудан оқшаулау жұмыстарын жүргізу және инфрақұрылымды дамыту бойынша басқа да бағыттар жүзеге асырылып жатқаны атап өтілді.

Бағдарламаның тұжырымдамасы үш ұшу-қону жолағынан тұратын жүйені құруды, негізгі жолақты толық қайта жаңартуды, жүк перронын, логистикалық және қойма кешендерін салуды, сондай-ақ заманауи жолаушылар инфрақұрылымын дамытуды көздейді. Бұл жобаларды жүзеге асыру нәтижесінде әуежайдың жылдық өткізу қабілеті 2050 жылға қарай 55 миллион жолаушы мен 500 мың тонна жүкке дейін ұлғаяды деп жоспарланып отыр.

Премьер-Министр Алматы халықаралық әуежайының елдің көлік экожүйесіндегі маңызды рөлін атап өтіп, даму бағдарламасының барлық кезеңдерін уақытылы және сапалы орындаудың маңыздылығына тоқталды.

06.11.2025

Ұқсас жаңалықтар

АҚТӨБЕДЕ – АУЫЛДЫҢ ЖҮГІ, «AQTOBE»-ДЕ  – ДӘУІРДІҢ ҮНІ
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, «Мөлдір бұлақ» журналының бас редакторы - 22.10.2025 671
Теріскейдегі жылы жүздесулер
Нұрсайын Шәріп - 16.10.2025 835
Қамбасы дәнге толған Ақмола
Д. ШӨКШІР, Ақмола облысы - 16.10.2025 813

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 19596
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 19407
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 34531
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 33095
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 36915