Форум республика танымал болған «Меркі тау қымызы», Мақсұт Несіпбаевтың асыл тұқымды жылқы фермасында жалғасын тапты.
1998 жылдан бері асыл тұқымды жылқыларды өсіру бағытында жұмыс істеп келе жатқан «Ар-Ас» шаруа қожалығы өткен жылы 125 тонна «Тау қымызы» атауымен қымыз өндірген. Жылына 182 тонна өнім өндіретін қожалықта бүгінгі күні 400 бас бие бар. Оның 200 басы сауынды биелер. Шаруашылықта 30 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.
Кездесуде шаруашылық басшысы Германиядан әкелінген заманауи технологияларын таныстырды. 1,5 тонна бие сүтін бір мезетте өңдеп, суытып шығаратын құрылғылар Жамбыл облысы бойынша қолданыста жоқ көрінеді. Өндірілген қымыз арша бұтақтарымен ысталып, арнайы бөтелкелерге құйылып, саудаға шығарылады. Дайын өнім Қазақстанның түкпір-түкпіріне жіберіледі екен. Мақсұт Несіпбаев, шаруашылық басшысы нарыққа шығаруда еш қиыншылық болмағанын айтты. Өйткені «Меркі тау қымызы» таза табиғи өнім, сұранысы өте жоғары.