Арыс қаласында А.Байтұрсынов көшесінің тұрғындары «Таза өлке» акциясы аясында өздері тұратын көшені абаттандырып қойған. Игі бастамаға аталған көшенің тұрғыны, белгілі кәсіпкер Азамат Байбосынов мұрындық болып отыр. Кәсіпкер өз қаржысына 12 дана түнгі жарықшам бағандарын орнатып, жұрттың алғысына кенелген.
Ал бұған дейін, өз қаржысына бойы 2 метрден асатын 120 түп қара тал, 3000 түп бұталы ағаш (живой изгородь), 200 түп роза көшеттерін сатып алған. Жасыл желекті көршілерімен бірге отырғызып қойған. Және әр тұрғын өз үйі іргесіндегі тал-дарақтарды тұрақты түрде күтіп-баптауда. Бұдан бөлек, адам көп жүретін көше болғандықтан қоқыс жәшіктерін де орнатыпты.