«Таза Қазақстан»: экологиялық қозғалыс қарқын алуда

«Таза Қазақстан»: экологиялық қозғалыс қарқын алуда

Тараз қаласында экологиялық акция шеңберінде «Қаржыгерлер» аллеясы қоқыстардан тазартылды.

Экологиялық акцияға қатысушылар шашылып жатқан қалдықтар мен қоқыстарды жинап, арнайы орынға апарып төкті.

- «Тазалық – саулық негізі» деген нақыл сөз бекер айтылмаған. Қала тазалығын сақтау – барлық тұрғынның міндеті. Қоршаған ортаның жағдайына жауапкершілікпен қарау – экологиялық жағдайдың жақсаруы мен тұрақтылығына тікелей әсерін тигізеді, - деді сенбілікке қатысушы қала тұрғыны Марат Спатаев.

Акция аясында аталған бағыттағы тазалық жұмыстары облыстың барлық аудандарында өткізілді. Атап айтқанда, шара саябақтар мен скверлерде, демалушылар көп жиналатын орындарда жалғасты.

Жамбыл ауданында жастармен алдын алу профилактикалық шарасы өткізілсе, Жуалы ауданында «Таза Қазақстан – таза әлем» экологиялық жастар акциясы ұйымдастырылды.

Мойынқұм ауданында Жамбыл ауылдық округі тұрғындарымен, Талас ауданында Қаратау технология, білім және бизнес колледжінің студенттерімен кездесу өткізілді. Ал Т. Рысқұлов ауданында «Ардагерлер саябағын» тазалау жұмыстары жүргізілсе, Шу ауданында Шу қаласының көшелері қажетсіз жарнама құралдарынан тазартылды.

Бүгінгі күнге акция аясында 60 тарихи-мәдени ескерткіш, 143 саябақ пен сквер аумағы, 829 шақырым канал мен арық жүйесі, 133,2 мың аула мен 4,8 мың шақырым көше жолдары тазартылды. 30 146 тонна қоқыс шығарылды. 60 мыңға жуық көшеттер отырғызылды.

Бұл жұмыстарға жалпы 1078 бірлік техника тартылды.

 

Жамбыл облысы әкімдігі
28.11.2024

Ұқсас жаңалықтар

Негізгі миссия - Заң және тәртіп
Бас прокуратураның баспасөз қызметі - 24.02.2025 210
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА САЛЫНАТЫН ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫНЫҢ СӘУЛЕТІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 04.02.2025 151
ТӨЛЕБИДЕ ЭКОТУРИЗМ ДАМИДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 04.02.2025 79
ОБЛЫС ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТЫҢДАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 04.02.2025 161
БӘЙДІБЕК АУДАНЫНДА ЖОЛДАРДЫ ҚАРДАН ТАЗАЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРІП ЖАТЫР
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 04.02.2025 76

Топ жаңалықтар

1
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 14424
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 13214
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 16493
4
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 15379
5
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 20435