«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА

Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында туған жерді абаттандыруға ақтөбеліктер белсене атсалысып жатыр. Ақтөбе қаласында полиция департаменті «Экопатруль» профилактикалық іс-шарасын ұйымдастырды. Іс-шара барысында полиция қызметкерлері абаттандыру ережесін бұзушыларға ескерту жасап, тәртіп пен тазалықты сақтауға шақырды. Сондай-ақ жауапкершілік пен әкімшілік жазалар туралы 200-ден астам парақша таратты. Ақтөбедегі №1 қалалық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы Бауыржан Қыдырмағамбетовтың айтуынша, биыл 60-қа жуық әкімшілік хаттама толтырылған. – Экологиялық акция басталғалы қаламыз күл-қоқыстан тазартылып, абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Алайда, жеке тұрғын үй иелері тұрмыстық қалдықтарды белгіленбеген орындарға тастайды. Осы жылы «Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 505-бабына сәйкес, яғни «қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру» бабы бойынша 15-ке жуық жекеменшік мекеме иелеріне айыппұл хаттамалары толтырылды. «Экопатруль» профилактикалық іс-шарасы аясында Сағадат Нұрмағанбетов көшесінде орналасқан «Акула бар», «Измир Кебаб» және басқа да жекелеген дүкендер мен тамақтану орындарына, тағы басқа жерлерде 200-ден астам үнпарақ таратылды. Қоқысты белгіленбеген орындарға тастайтын тұрғындарға 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, жекеменшік мекеме иелеріне 30 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынатындығын ескертеміз, – деді полиция инспекторы. «Экопатруль» іс-шарасы елімізде сәуір айында басталған «Таза Қазақстан» акциясына полицияның зор үлес қосып отырғандығын көрсетті. Өткен үш айдың ішінде көпшіліктің жұмыла жасаған жұмыстарының нәтижесінде айнала тазарып қалды. Ақтөбе су қоймасының жағасында «Jasyl сгоѕѕ 2024» плоггинг-марафон өтті. Плоггинг – жүгіруді қоқыс жинаумен біріктіретін экологиялық қозғалыс. Бұл сөз екі ұғымнан тұрады: швед тілінен аударғанда «plocka upp» және «jogging». Жастар ырғақты музыканың әсерімен су қоймасы жағалауындағы шашылған қоқысты тез жинап тастады. Жігіттер қоқыс салуға арналған қапшықтарын тезірек толтыруға тырысты, өйткені марафонда кім жылдам, көп көбірек жинайды, сол жеңіске жетеді. – Бүгін 5 адамнан тұратын 30 команда жиналды. Акцияға «Жасыл Ел» жасағының қыз-жігіттерінен бөлек қалалық және облыстық мәслихаттар депутаттарынан құралған команда, жастар ресурстық орталығы қатысты. Жеңімпаз команда кубок пен медальдарға ие болады, – дейді «Жасыл ел» облыстық штабының жетекшісі Нұржан Шаңғытбаев. Көптің жұмылып жұмыс істеуінің нәтижесінде 18 тонна қоқыс жиналды. Қағаздар, пластикалық, шыны бөтелкелер, пакеттер – қоқыстар жастар жинап алғанша желмен бірге ұшып, шашылып, жағалаудың сәнін кетіріп тұр еді. Әп-сәтте айнала жайнап шыға келді – жағалау тазарып, сәні кіріп қалды. Бұл – «Таза Қазақстан» акциясының аясында ұйымдастырылған бірінші және соңғы іс-шара емес. 6 сәуірден бастап облыс бойынша көгалдандыру, санитарлық тазалық және елді мекендерді абаттандыру бойынша екі айлық акция ұйымдастырылған-ды. «Таза Қазақстан» акциясына облыстың 200 мыңнан астам тұрғыны қатысып, алты мыңдай мекеме мен кәсіпорын жұмылдырылды. 18 982 аула тазартылды, оның 2 326-сы – көпқабатты үйдікі, 16 656-сы – жеке үйге тиесілі. Еріктілер еңбек ардагерлерінің, қарттардың үйлерінің аулаларын ретке келтірді. 276 саябақ пен гүлзардың қоқысы жиналды. Қала мен елді мекендерде 285 910 ағаш пен 6 350 көшет егілді. Көгалдандыруға, әсіресе, «Жасыл ел» еңбек жасағының жастары белсене араласты. Үш ай ішінде барлығы 205 өзендер, көлдер мен бұлақтардың жағалауы қоқыстан тазартылды. 41 жасанды су қоймасы мен субұрқақтардың айналасы, 84 526 метр арық тазартылды. Бұлақтардың айналасы тазартылып, қоршаулар мен орындықтар сырланып, ағаштар әктелді. 256 тарихи-мәдени ескерткіштің айналасы тазартылды. Алаңдарды тазалауға 2866 бірлік техника жұмылдырылды. Қоқыс полигондарына 30 905 тонна қалдық шығарылды. Тұтастай алғанда ақтөбеліктер Мемлекет басшысының елімізде тазалық жұмыстарын – сенбілік өткізуге қатысты ұсынысын зор ықыласпен қабылдады. 

М.ТАБЫН
04.07.2024

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 37
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 65
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 32
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 67
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 24
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 57
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 176
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 180
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 397
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 359
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 976

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9050
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8446
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11674
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9437
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10654