Тазалыққа жауапкершілікпен қарау маңызды

Тазалыққа жауапкершілікпен қарау маңызды

Облыста көктемгі көгеріштендіру, санитарлық- тазалық екі айлығы барысында 30 мың ағаш көшеті отырғызылды. Бұл мәселе облыс әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен өткен кеңесте де қаралған болатын.

Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Құдайберген Қорғанбаевтың айтуынша, осы жылдың наурыз айынан бастап барлық аудандар мен Тараз қаласы әкімдіктері жергілікті жерлерде көктемгі екі айлық абаттандыру және санитарлық тазалау жұмыстары бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеп, әкімдік қаулыларымен бекітілген. Соған сәйкес, 30 мың тал-дарақ отырғызылып, жоспар 120,7 пайызға орындалған.

Бұдан бөлек, 588916 шаршыметр саябақтар мен скверлер, 1 177,8 километр арық-атыздар мен каналдар тазартылып, 4410,8 тонна күл-қоқыс шығарылған. Облыстың елді мекендерінің санитарлық тазалық жағдайын арттыру мақсатында Тараз қаласы мен аудандарда бүгінгі күнге дейін 9 рет сенбілік ұйымдастырылған. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының «Бірге – Таза Қазақстан» және басқарманың бастамасымен «Жүз жылдығын ойлаған халық ағаш егеді» атты экологиялық акциялар ұйымдастырылды. Экологиялық акцияға облыс бойынша 21 586 адам қатысып, 482 тонна күл-қоқыс шығарылып, 13 095 түп ағаш отырғызылған.

Аталған басқарма басшысы 11-13 сәуір аралығында елді мекендердің тазалығына жүргізілген зерделеу барысында 84 күл-қоқыс орындары анықталып, оның 53-і жойылғанын жеткізді.

Облыс әкімі жоспарлы жұмыстарды орындай алмаған және стихиялық күл-қоқыс орындары тазаланбаған аудандарды сынға алды. Ескертулермен шектелмей, айыппұлдар салып, оны өндіру ісіне барынша көңіл бөлу керектігін ескертті.

– Тек мәселені анықтап қана қоймай, оның шешу жолдарын ұсынып, сол бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды көрсетіңіздер. Жергілікті билік өзіне тиесілі міндеттерді орындайды. Дегенмен, тұрғындар да өз жауапкершілігін түсінуі керек. Елді мекендерден күл- қоқыс шығаруға бюджеттен қомақты қаржы бөлу әлі күнге жалғасып отыр. Бұл дұрыс емес. Арнайы бекітілген тариф бар, соған сәйкес тұрғындар төлем жасауы тиіс. Соның есебінен қоқыстарды жеке кәсіпкер шығаруы қажет. Сонда жергілікті халықтың да жауапкершілігі арта түседі. Бұл жұмыстарды ұйымдастыру әрі үйлестіру ауыл әкімдерінің міндеті, – деп түйіндеді Нұржан Нұржігітов.

 

Жамбыл облысы әкімдігі
22.04.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 39
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 103
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 32
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 39
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 46
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 38
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 99
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 103
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 297
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 291
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 913

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8986
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8381
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11606
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9364
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10590