ТЕАТРЛАР ФЕСТИВАЛІ ЖАЛАУЫН КӨТЕРДІ

ТЕАТРЛАР  ФЕСТИВАЛІ  ЖАЛАУЫН КӨТЕРДІ

Астана күнін мерекелеу аясында қала алаңында «Театрлы Еуразия» халықаралық театрлар фестивалінің ашылуы өтті. Салтанатты ашылу рәсімінде Астана әкімінің орынбасары Есет Байкен құттықтау сөз сөйледі.

«Бүгін Астанада ашық аспан астында «Театрлы Еуразия» фестивалінің ашылуы өтуде. Іс-шара елдер арасында мәдени тәжірибе алмасу үшін ұйымдастырылған. Бұл фестиваль – мағыналы әрі есте қаларлық іс-шаралардың бірі. Сондай-ақ, елорда тұрғындарымен диалог пен кездесу орны болатынына сенімдімін. Айта кетейік, қалада 100-ден астам іс-шара ұйымдастырылған. Оның ішінде түрлі спорттық және мәдени шаралар өтіп жатыр», – деді Есет Байкен.

Елорда тұрғындары мен қонақтарын театрлар мен жас әртістер ерекше костюммен құттықтады.

«Елордада екінші күн қатарынан «Театрлы Еуразия» жобасы өтіп жатыр. Кеше үлкен форум өтіп, «Дядюшкин сон» спектаклі өтті. Бүгін біз Эстония, Польша, Ресей және Қазақстан театрлары қатысатын көше театрларының фестивалін аштық. Қалалық алаңда Мәскеуден «Аура» шоу-тобы, Санкт-Петербургтен «Вокруг» театры және Алматыдан келген әзіл-сықақ тобы өнер көрсету үш алаң ұйымдастырылды», – деп бөлісті «Театрлы Еуразия» фестивалінің авторы және директоры Эльмира Щербакова.

Әртістер шеруді елорда әкімдігінің жанындағы алаңнан бастады. Одан әрі Есіл өзенінің жағасымен «Атырау» көпірі арқылы саябақ аллеясы арқылы өтті.

«Мен Санкт-Петербургтен келіп, театр шеруіне қатысамын. Жақында Муромнан оралдық, онда біз үлкен көше театрлары фестивалінде өнер көрсеттік. Ал бүгін мен театр иті костюмінде өнер көрсетіп, қала тұрғындарының көңіл күйін көтеремін», – деді «СоЛу» көше театрының актері Сергей Хорольский.

Мерекелік көңіл күйді көргендер әртістерді қол шапалақтап қолдады.

«Қызым екеуміз бұл шараға кездейсоқ тап болдық. Өтіп бара жатып, костюм киген әртістерді, үлкен шоуды және ерекше қойылымды байқап қалдық. Осылайша шеруге қосылдық. Мен мұндай іс-шараларды жақсы көремін, сондықтан мерекелік көңіл күйге бөленіп отырмын», – деп бөлісті елорда тұрғыны Ирина Корш.

Қала тұрғындары өздері білетін әндерге қуана-қуана ілесіп, би билеп, естелік видеолар түсірді. Айта кету керек, шеру орталық саябақта аяқталды, онда «СоЛу», «Мимикрия», «Королевский жираф» және «Николи» театрлары өнер көрсетті.

 

НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК
10.07.2024

Ұқсас жаңалықтар

ТУРКЕСТАН: КОРЕЙСКИЕ ИНВЕСТОРЫ ВНЕДРЯТ ПЕРЕДОВЫЕ ТЕХНОЛОГИИ В АГРОСЕКТОР
Пресс-служба акима Туркестанской области - 29.01.2025 52
ТҮРКІСТАН: КЕЛЕСТІК ДИҚАНДАР ҚЫСТЫГҮНІ ҚЫРЫҚҚАБАТ ӨНІМІН ЖИНАП ЖАТЫР
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 29.01.2025 80
2024 жылы Қазақстанда рекордтық 26,7 млн тонна астық жиналды
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі - 29.01.2025 136
ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТАҒЫ МЕКТЕПТІҢ ОҚУШЫЛАРЫ ҮЗІЛІСТЕ АСЫҚ ОЙНАЙДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 29.01.2025 58
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 29.01.2025 89
2024 жылы Қазақстанда рекордтық 26,7 млн тонна астық жиналды
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі - 29.01.2025 110

Топ жаңалықтар

1
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 14014
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 12835
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 16092
4
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 14996
5
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 20045