Тексерістен соң 1 млрд теңге айыппұл өндірілді

Тексерістен соң 1 млрд теңге айыппұл өндірілді

Бұл туралы ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Атырау облыстық департаментінің басшысы Айгүл Набиева баспасөз мәслихатында мәлім етті. Биыл департаментпен тауар нарығына жоспардан тыс 17 талдау жүргізіліп, нәтижесінде 7 нарық субъектісінде заңбұзушылық белгілері анықталды. «Сұйытылған мұнай газын сақтау паркі» мекемесі сұйытылған мұнай газын көтерме саудада өткізу саласында монополиялық жоғары бағаны белгілегені және сол бағаны ұстап тұрғаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды. Сәйкесінше 162 млн теңгеден аса сомаға әкімшілік айыппұл салынып, бүгінде аталған қаражат толықтай мемлекет пайдасына өндірілді. Сонымен қатар «АТМА-Атырау Әуежайы және Тасымалдау» АҚ-ның жалға алушылармен жасалған келiсiмдерде әртүрлi бағаларды және әртүрлi шарттарды қолдану барысында ҚР бәсекелестікті қорғау заңнамасын бұзушылық фактісі анықталып, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалды. Бұл мекемеге мамандандырылған сот шешімімен 2 млн астам сомаға айыппұл салынды. Қазіргі уақытта айыппұл толықтай мемлекет пайдасына өндірілді», – деді А.Набиева. Аталған мекемелерден бөлек, кәсіпорындар мен компанияларға жүргізілген тексерулерден ҚР бәсекелестікті қорғау заңнамасын бұзушылық фактілері анықталып 1 млрд 172 млн теңге қаражат мемлекетке қайтарылды.

КҮМІС ҚАЛТЫКЕЙ, Атырау облысы
12.09.2024

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 53
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 580
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 694
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 609
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 618

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8754
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8154
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11383
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9137
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10368