Теміртауда тағы бір ауданға газ жеткізілді

Теміртауда тағы бір ауданға газ жеткізілді

Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесі қарсаңында «QazaqGaz Aimaq» АҚ Теміртау қаласының «Соцгород» ауданының бір бөлігін көгілдір отынмен қамтамасыз ету жұмысын аяқтады. «QazaqGaz Aimaq» АҚ-ның баспасөз қызметі тартақан хабарда аталмыш жобаның «Сарыарқа» магистральдық газ құбырының I кезегінің III іске қосу кешені аясында жүзеге асырылғандығы айтылыпты. Осылайша қаладағы «Сетевой» ауданы мен «Теміртау» тұйығын қоса алғанда 948 абонент тұрақты түрде газға қосылды. Құбырдың жалпы ұзындығы 28 шақырымды құраған. Оған 13 заманауи газ реттеу қосыны орнатылған. Бұл құрылғылар жыл басында қажетті сынақтар мен қауіпсіздік талаптарына сәйкестік тексеруінен өткізілген екен.

-«Наурыз қарсаңында газға қосылу – жай ғана техникалық оқиға емес. «Соцгород» ауданы тұрғындары үшін бұл өмір сапасының жаңа деңгейі: таза ауа, көмір мен күлден арылу, үйлердегі қолайлылық пен жылудың тұрақтылығы. Біз қала тұрғындарына ұзақ жылдар қызмет ететін заманауи инфрақұрылым құруға ұмтылып жатырмыз», – деді «QazaqGaz Aimaq» АҚ Қарағанды өндірістік филиалының директоры Владислав Кисиков.

Теміртау қаласында 5956 абонентті қосу мүмкіндігі бар 237 км газ құбыры салынды, оның ішінде 2333 абонент газға қосылды. Қазірге дейін «Оң жағалау» шағын ауданы газбен қамтамасыз етілген еді. Бұдан бөлек өндірістік нысандар, соның ішінде «Qarmet» комбинаты да газға көшіріліп жатқандығын айта кеткен жөн. Жалпы қаладағы газ тарату желілерінің құрылысы жалғасып жатыр. Осылайша барлығы 6500-ге жуық үйді қосу жоспарланған.

Атмосфералық ауаның ластану деңгейі ең жоғары қалалар қатарына жататын Теміртаудың қоршаған ортасын жақсарту мәселесі Үкіметтің назарында тұрғаны анық. 200-мыңға жуық адам өмір сүретін шағын қаланың атмосферасыынң ластану деңгейі Алматы сынды мегаполистерлен де асып кетеді екен. 

Естеріңізде болса былтыр қазан айында Климаттың өзгеруі мен жасыл энергетика жөніндегі Орталық Азияға арналған жобалық кеңсестің жиналысы өтіп, онда Теміртаудағы ауаның ластануы туралы адамды ойландыратын мәлімет айтылған болатын. Таратылған мәліметте жыл сайын Теміртау атмосферасына мөлшермен 305 мың тонна өнеркәсіптік зиянды заттар тарайтыны, өнеркәсіптік шығарындылардың 80%-дан астамы «Qarmet» АҚ-ға тиесілі делінген еді. Атап айтар болсақ алып кәсіпорыннан ауаға азот, күкірт диоксидтері, фенол, аммиак, көміртек тотығы, күкіртсутек қатарлы газдар таралы екен.

Қазіргі таңда «Qarmet» АҚ-да жабдықтарды модернизациялау, қоршаған ортаға зиянды заттардың шығу көлемін азайту, өндіріс қауіпсіздігі сынды негізгі проблемаларға айрықш акөңіл бөліп отырғандығы айтылуда. Аладғы уақытта газбен қамтамасыз ету жұмысы аяқталар болса, бұл аса үлкен жаңалық болар еді.

Ерқазы Сейтқали

 

18.03.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 24578
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 24243
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 41691
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 37580
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 41963