THAI AIRASIA X ЖЕРГЕ ҚОНДЫ! АЛМАТЫ МЕН БАНГКОК АРАСЫНДАҒЫ ТІКЕЛЕЙ РЕЙСТЕР

THAI AIRASIA X ЖЕРГЕ ҚОНДЫ! АЛМАТЫ МЕН БАНГКОК АРАСЫНДАҒЫ ТІКЕЛЕЙ РЕЙСТЕР

  Қысты визасыз жарқын Бангкокқа алмастырыңыз 

Алматы, 2025 жылғы 2 желтоқсан — алыс магистралды лоукост-тасымалдаушы Thai AirAsia X (XJ) өзінің жаңа әрі көптен күткен бағытын ресми түрде іске қосты: Алматы – Бангкок (Дон Муанг). Бірінші рейс тай және қазақстандық саяхатшылар тарапынан жоғары бағаланып, жүктеудің жоғары көрсеткіші — 70% - 75%-ға қол жеткізді. 

Thai AirAsia X жаңа бағыт бойынша Алматыдан Бангкокқа аптасына төрт рет (сейсенбі, бейсенбі, жұма және жексенбі күндері) кеңфюзеляжды Airbus A330 ұшақтарымен тікелей рейстерді жүзеге асырады. Бұл жаңа бағыт Thai AirAsia X үшін Орталық Азия нарығына алғаш рет шығу аясындағы өршіл қадам болды. 

Thai AirAsia X компаниясының бас директоры Паттра Бусаравонгсе ханым былай деп атап өтті: «Алматы – Бангкок бағытының ашылуы Орталық Азияға кеңею аясында Thai AirAsia X үшін елеулі бизнес мүмкіндік болып табылады. Тікелей әуе қатынасы Бангкокқа ыңғайлы әрі қолжетімді саяхаттарды қамтамасыз етеді. Бұл — виза рәсімдемей-ақ қаланы тамашалап, жарқын әсер ала алатын Қазақстан азаматтары үшін тамаша таңдау.» 

Тайланд астанасы Бангкок — әлемдегі ең жарқын әрі бірегей мегаполистердің бірі, кез келген саяхат стиліне сай келетін сауда, экономика және мәдениеттің динамикалық орталығы. 

«Мен қазақстандықтарды Бангкокқа келіп, өздеріне жаңа әсерлер ашып, қыстың суығын Тайландтың жылулығына алмастыруға шақырғым келеді. AirAsia-ның ауқымды өңірлік және халықаралық желісінің арқасында туристер Пхукет, Краби және Чиангмай сияқты танымал бағыттарға, сондай-ақ Оңтүстік-Шығыс Азия өңірі мен одан тыс жерлерге саяхаттарын оңай әрі жайлы жалғастыра алады», — деп қосты Паттра ханым. 

 Қазіргі уақытта Thai AirAsia X әуе компаниясы Бангкоктан (Дон Муанг) Токиоға, Осакаға, Нагояға, Саппороға және Сендайға (Жапония), Сеулге (Оңтүстік Корея), Делиге (Үндістан), Шанхайға (Қытай), Эр-Риядқа (Сауд Арабиясы) және енді Алматыға (Қазақстан) 11 Airbus A330-300 ұшағынан тұратын паркті пайдалана отырып, тікелей рейстерді орындайды. 

03.12.2025

Ұқсас жаңалықтар

Ымырт ерте үйірілетін өлке
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.11.2025 273
«Ұлттық баспасөзге  деген сенім мен құрмет үзілмесін!» деген ел Президентінің пәрменін аяққа таптаған кім?
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері - 28.11.2025 300
Әлеуеті артып  келе жатқан аймақ
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 27.11.2025 274

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 20594
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 20385
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 35486
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 34060
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 37920