Тіл. Адамды мақтайтын да, даттайтын да, тіпті келе жақтайтында - тіл. Жан ұятын сақтайтында, қақтайтында осы – тіл екені бәріне белгілі. Қай-қай тұстан алып қарастырсақта, тіл құдіреті шексіз дүние екенін байқаймыз.Жалпы тіл дегенді қамтысақ, өте ауқымды тақырып төңірегінде жұмыс жасаймыз. Бірақ мақсатын айқындау – міндет. Біршама мазмұн ішінен айқын тақырыбымыз ол – «Тіл және тағылым».
Тілдік ұстаным әдебиет саласында кеңінен орын алған. Қазақ тілі сөздік қорға өте бай тілдер қатарын құрағандықтан, көркемдеу сөздері тым тебірентерлік, сезімтал келеді. Тіл арқылы сурет салып, тіл арқылы өмір құраған талай автор дүниені тәнті еткен. Сезімдерін тілмен жеткізіп, ашпас сырларын да тілмен баяндаған. Дегенмен тілдік тақырып тек әдеби сарында жалғасын тауып, е болмаса шығармашылықта ғана өрбейтін ғылым емес. Теориялық тұрғыдан зерттеу қалпы да қалыптасқан ұғым болып есептеледі. Шығу тарихы мен өмір сүру ортасы, қаралған кезеңдерімен, сақталған үрдісі бар кең көлемді ілім. Осы теориялық тіл негізіндегі жұмыс, ерте кезден-ақ жүзеге асып, күні бүгінге дейін қамтылып келеді.Ертеректегі тілдің зерттелуі орайында Әл-Фараби трактаттарындағы тіл ілімін сөз ете аламыз.
Бәрімізге белгілі ойшыл, философ Әбу Насыр Әл-Фарабидің әлемнің екінші ұстазы атануы тегін емес. Ғаламдық деңгейде ғылым жолын көтерген ғалым, тіл тақырыбын да шетте қалдырмай, таңдамалы трактаттарына жазып қалдырған.
Тіл мәселесі Әл- Фарабидің шығармашылығында басты орын алады. Ойшыл тіл білімі бойынша «Ғылымдардың жіктелуі туралы сөз», «Әріптер кітабы» (Китаб аль-хуруф), «Сөз бен әріп туралы», «Жазу өнері туралы», «Өлеңнің ұйқасы мен өлшемі туралы «Поэзия өнерінің негіздері туралы» сынды еңбектерін жазып, тіл туралы ғылым негізінде есімдіктер мен етістіктерді бөле қарастырып, оның ішінде етістіктерді шақтарға ажыратып, әр халықтың тіл туралы ілімінде 7 тарау болады деп жазып қалдырған еңбегін тікелей, ғалым Аян Нысаналинн аудармаларынан көре аламыз. Сонымен қатар А.Нысаналин аудармалары Фараби « Поэзия өнері жайлы » трактат зерттелуінің көзін ашқан бірден бір ілім болып табылады. Осы тұста тілдік құрамға тікелей кіргізген ғұламаның поэтика тұсын қарастыра кетсек, «Таңдамалы трактаттар» негіздерін ақтарған боламыз. Ондағы мәселе поэтикаға үш бөлімнен тұратындығы жайында анықтама берілген: біріншісі – жай болсын, күрделі болсын өлеңдегі тізбек, қанша дыбыстан, қанша буыннан тұратынын ажыратып, құлаққа жағымды естілуін қамтыса, екінші бөлім өлең соңындағы ұйқасты қарастырған. Ал үшінші бөлімде өлеңде қолдануға болмағанмен, қара сөзде қолдануға келмейтін сөздерді зерттейді. Әр бөлімнің мәні міне осыда деп қалдырған Фарабидің бұл жинағын Алматы: Арысы, 2009 – жылғы кітаптан көре аламыз. Құрастырғандар: Ә. Нысанбаев, Ғ. Құрманғалиева, Ж. Сандыбаев. Бұл кітапқа ғұлама ғалымның бұрын орыс тілінен аударылған туындыларымен қоса, араб тілінен тәржімаланған «Азаматтық саясат», «Бақытқа жету жайында», «Теология», «Ғылымдардың жіктелуі туралы сөз», «Музыка туралы үлкен кітап» секілді трактаттары да еніп отыр. Бұдан бөлек тіл мәселесі төңірегінде бой көтерген «Жай сөздер заңдалықтарын» қарастырған. Оның ішінде ең алдымен алфавит әріптеріне негіз болған дыбыстарды, олардың санын, әрбір дыбыстың дыбыстау мүшелерінің қайсысынан шығатынын зерттеген. Сондай-ақ жазу ережелерін (орфография) және де дұрыс оқу (орфоэпия)жөніндегі ғылым заңдарын қарастыра, жазу ережелері туралы ғылым әуелде сөз әріптерінің жазуда таңбаланатын және таңбаланбайтын түрлерін анықтайды, сонан соң барып таңбаланатын әріптердің жазылу әдістерін көрсетеді деп жазса, дұрыс оқу заңдары туралы ғылым нүктелерінің орнын, кідіріс, ұқсас әріптерді ажыратып, нормаға сай айту шартын жазып қалдырған.
Қазіргі таңдағы ғылым жолы бойынша терминологиялық атаулармен қарастырып, нормаға салып жүрген әр ереже сонау Әл-Фараби заманынан, ойшыл өзі құрастырып кеткен еңбектер екені тіл тазалығын аңғартады. Тарихының сақталғанын айқындайды. Заман тұрғысында тарихи тілге үлес қосқан тағы бір ғалым Фараби танушы Клара Тәжікова. Өз кезегінде ойшылды дәріптеп, тіл деңгейіндегі тың мәліметтерді жинап берді.
“Тіл және тілдік таңба философиясы” еңбегінде К.Х.Тәжікова Әл-Фарабидің “Ғылымдардың жіктелімітуралы сөз”, “ Әріптер кітабы”, т.б. еңбектерін зерттеген, тұжырымдарын қарастырған. Клара Тәжікова Әл-Фарабидің шығармашылығындағы тіл философиясының мәселелеріне көңіл аударған. Тәжікованың пайымдауынша, Әл- Фараби тіл мәселесі, оның шығу тегі,дамуы және қоғамдағы рөлі туралы «заттардың атаулы» контекстіндеқарастырған. Ол жерде Әл- Фараби бір есіммен аталған категорияларды бірнеше заттармен байланыстырады, екінші жағдайда оларды бір есіммен атап, бір есіммен байланыстырады, үшінші жағдайда оларды сол заттың негізінде атайды. Сонымен қатар дұрыс атау, сол категорияға байланысты болса, затты дұрыс түсінуге әкеледі,-деген пікірлер төңірегінде жұмыс атқарған зерттеушілер қазіргі тіл біліміне орасан зор үлес қоса білді.
Енді осы тұста тілдің практикалық мәнін тарих тұрғысынан қарастырсақ, яғни тілдік қолданым, қазіргі кездегі дұрыс айтылым мен дұрыс жазылу қолданысы, поэтикалық ережелер тұрпаты қолданыста сақталған ба деген сұрақтарға жауап береді.
Жалпы тілдің теориялық жағын айтып өткендей ереже тұсы қазіргі таңда қатаң нормада сақталғанымен, айтылым, ауызекі сөйлеу шұбарланып кеткен. Қасиетті қазақ тілінің төл сөздерінің мағынасын білмей, алмастырып алған, арзан сөздерге құмар жандар қаншама. Сөздік қорға бай ана тілімізде сөйлеуді жатсынып, өзге тілдің жалауын көтергендер артық болмаса кем емес. Осылайша ұлылар еңбегін елемей, төккен теріне құрмет келтірмейтін, ар өлшемі- ана тілін ұмытқандар өз халқының өткенінен де болашағынан да қол үзеді. Тілге тағылым етепегендер, тарихын сыйламағандар өлілерден айырмасыз!
Айдана Санат