Сарысу ауданының тұрғындары мен шаруалар өз ісін ілгерілетіп мал өсіруге баса ден қойған. Мемлекеттік қолдау жұмыстарын дұрыс жолға қоюдың нәтижесінде төрт түлік малда өсім бар. Үстіміздегі жылдың қаңтар – сәуір айларының көрсеткіші бойынша (былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда) мүйізді ірі қара - 24421 басқа, қой-ешкі – 251 997 басқа, жылқы – 7593 басқа, түйе – 2633 басқа, құс – 24922 басқа жеткізілді. Өндірілген ет пен сүт көлемі де артты. Ет (тірілей салмақта) барлық санат бойынша 1092 тонна, сүт (сиыр сүті) 498,0 тоннаны құрады.