ТӨТЕ ЖАЗУДЫҢ ТҮБІРІНЕ ҮҢІЛДІК ПЕ?

ТӨТЕ ЖАЗУДЫҢ ТҮБІРІНЕ ҮҢІЛДІК ПЕ?

Аруағыңнан айналайын Ахмет атам-ай, жұмақтың төрінде шалқып жүретін бір адам болса, ол Сіз екеніңізге титтей де шүбәм жоқ. Дәл сіздей бар қазаққа мақтаныш болған арыстың кіндік қаны тамған жерде дүниеге келгеніме сансыз шүкір етемін! Тек қадіріңізге жете алмай жүргенімізге қапамын. Ахмет атаның аруағын неге тебірентіп отырғаныма тоқталайын. Ахмет Байтұрсынұлы – өзінің бүкіл саналы өмірін қазақ тіліндегі дыбыстар жүйесін арнайы зерттеп, қазақ жазба тілін лексикалық шұбарлықтан, басқа тілдердің синтаксистік ықпалынан тазартумен айналысып, қазақ тілі ғылымын дамытқан ірі ғұлама.

А.Байтұрсынұлы қоғам, ғылым және мәдениеттің өркендеуі жазу арқылы іске асатынын жақсы түсінді. Ғалым сауатсыздықты жою үшін әріп, оқулық мәселесі кезек күттірмейтін қажеттілік екенін біліп, 1910 жылдан бастап араб жазуының қазақ тілі үшін қолайлы емес жақтарын түзеп, оны тілдің дыбыстық ерекшеліктеріне сай етіп, сингармониялық ұлттық әліпби түзеді. Бұған дейін Х ғасырдан бері парсы-араб жазуын өзгеріссіз қолданып келгенбіз. Сөйтіп, А.Байтұрсынұлы полиграфиялық жағынан қолайлы-қолайсыз жерлерін, оқыту процесіндегі тиімді-тиімсіз жақтарын таразылай отырып, қазақ тілінің төл дыбыстарына ғана тән 28 әріптен тұратын әліпби құрастырды. Нақтысында, әліпби 24 таңбадан және дәйекшеден тұрады. Егер, «ء « дәйекше сөз алдына қойылса, сол сөздегі барлық дауысты дыбыстар жіңішке деп түсінілген. Мысалы: تۇردى – тұрды, ءتۇردى – түрді. Әліпбиде қазақ тіліне тән, төл дыбыстарға ғана орын беріліп, кірме дыбыстар алынбайды. Ғалым гетерогенді сипат алған емлені, әліпбиді жалпыхалықтық, ұлттық негізде қарастырады. Ғалымның реформалауынан кейінгі араб жазуын бүкіл түркі жұрты ұлттық жазу жүйесі деп таниды. Сондықтан А.Байтұрсынұлының бұл жазу жүйесін ұлттық қазақ жазуы деп атаймыз. Өкінішке орай, сол заманда күштеу саясаты өз дегеніне жетіп тынады. Парсы-араб жазуын қолдағандарға саяси түрде «пантюркист» деген айып тағылып, заң қорғау орындары да араласа бастайды. Араб әліпбиін қолданатындарға шектеу қатты болып, өкіметтің уәкілдері тарапынан бақылауда болады да, қазақтың ұлттық жазуы қолданыстан шығарылады, тарихи кітап жазбалары жойылады. Қазақтың ұлттық жазуымен бірге ұлттық діні, ұлттық тілі, ұлттық пікірі жоғала келе құлдыққа дайын қауымдар пайда бола бастайды. Жазбаға kk.wikipedia.org материалдарынан қолданылды. «Араб болмайық, қазақ болайық» деген жазбаларды жазатындар Ахмет атамыздың неге орыс грамматикасына емес, латын харпіне емес, араб тілінен қазақ алфавитін құрап шығуға құмартқанын білсе, шіркін! Мұның мәнісі тереңде. Себебі орыс алфавитіне жүгінсе, ұлттық болмыстың ғасырлар бойы қалыптасқан жігіне сына қағылады. Ұрпақ орыстанады. (Оны көрдік қой). Ахаң орысша терең білгендіктен, ұлт болашағын ойлағандықтан ондай қадамға бармайды. Латыншаға да жоламайды. Қазақтың түсінігіне сай болу үшін, ғасырлар бойғы танымын ескеріп, исламмен кіріккен салт-дәстүрін жойып алмау үшін төте жазуды таңдайды. Қаншама ғасыр мұсылман болған қазақ, келешекте де араб болмайтынын түсінді. Ал орыс алфавитімен оқыған бала оларға ассимиляцияланатынын көкірек көзімен білді. Сондықтан бас тартты. Ал төте жазу қазақ баласына, тіл сындырып жүрген шәкірттерге ең жеңіл жол еді... Бірақ Кеңес үкіметі төте жазуды ескіліктің қалдығы, діннің сарқыншағы деп жойып тынды. Оның орнына кириллицаны енгізді. Мұның бәрі де қазақты ата дінінен алыстатудың, бездірудің жолдары еді. Ақыры аңсаған армандарына жетті. Қазақ әбден орыстанды. Қазақ үшін ең қауіптісі де солар болып тұр. Құдайға тіл тигізіп, діннен шығып жатқандар да соның жемісі. Аруағыңнан айналайын Ахмет ата, бір заманда сені де түтіп жеген бұл қазақ әлі сол күйде. «Қинамайды абақтыға жапқаны, Қиын емес дарға асқаны, атқаны. Маған ауыр осылардың бәрінен Өз ауылымның иттері үріп, қапқаны», – деп едіңіз. Әулие екенсіз ғой!!!

Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК
11.10.2024

Ұқсас жаңалықтар

ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУЛАР ЖАЛҒАСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 21.12.2024 40
ТӨРТІНШІ БЕЛЕС  БИІГІНДЕ
Бақыт САРБАЛАҰЛЫ, жазушы, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері - 21.12.2024 101
 ОТЫРАРЛЫҚ ҮЗДІК ҰСТАЗДАРҒА ДУБАЙҒА ЖОЛДАМА ТАБЫСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 21.12.2024 20
ТҮРКІСТАНДА ЕРЕКШЕ ЖАНДАРҒА ЖАҢА ЖЫЛ МЕРЕКЕСІ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 21.12.2024 44
ТҮРКІСТАНДА АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЛАРЫНЫҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 21.12.2024 43
ТӨРТІНШІ БЕЛЕС  БИІГІНДЕ
Бақыт САРБАЛАҰЛЫ, жазушы, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері - 21.12.2024 101
Тоғыз жолдың торабындағы  Шу елінің ықыласы
НұрболатАМАНБЕК, Жамбыл облысы - 20.12.2024 131
«Ауыл аманаты – ел аманаты»
Марат ҚҰЛИБАЕВ, Тараз қаласы - 20.12.2024 134
Жарқын жобаның жемісті жалғасы
НұрболатАМАНБЕК, Жамбыл облысы - 20.12.2024 123
Талас ауданы:  Ілкімді жобаның  игілігін көргендер
Нұрболат АМАНБЕК, Жамбыл облысы Талас ауданы - 20.12.2024 129
Жамбыл ауданы:  Жерге – тыныс, елге – ырыс
Дариха ҮМБЕТИЯРОВА, журналист Жамбыл облысы Жамбыл ауданы - 20.12.2024 137
Жуалы ауданы:   Бағдарлама  аясында  5,1 млрд  теңге  игерілді
Нұржан МАНАСҰЛЫ, Журналист, Жамбыл облысы Жуалы ауданы - 20.12.2024 130

Топ жаңалықтар

1
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 11260
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 10196
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 13443
4
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 12397
5
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 17405