Трансшекаралық өзендер: Жобалар ысырапшылдықты тоқтата ала ма?

Трансшекаралық өзендер:  Жобалар  ысырапшылдықты тоқтата ала ма?

Әмудария, Сырдария трансшекаралық өзендері мәселесі – Орталық Азияда шешімін таппаған ең маңызды сауалдардың бірі. 2000 жылдардың орта шенінде бұл мәселенің ушыққаны соншалықты, егер мемлекеттер өзара келісімге келмесе, суға таласудан туындайтын кикілжің келешекте қақтығысқа ұласуы мүмкін деген болжамдар айтылды. Осы екі өзен суының тиімсіз қолданылуы Арал теңізі трагедиясына әкеліп соқты. 1998 жылы Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан арасында Сырдария өзенін пайдалану туралы келісім қабылданды, оған кейінірек Тәжікстан да қосылды.

Алайда, бұл құжат талаптары толық орындалмады. Тәжіктер өздерін электр қуатымен қамтамасыз етіп, артығын көршілеріне сату үшін Вахш өзенінің бойына Рогун ГЭС-ін салмақ болды. Вахш өзені Әмударияға құяды. Егер су бастауына ГЭС салынса, онда Өзбекстанға су аз жетіп, оның мақталы аймақтары құрғап қалуы мүмкін еді. Сондықтан, Өзбекстан бұл станцияның құрылысына қатты қарсы болды. Тіпті, шетелдерден ГЭС құрылысына келе жатқан материалдарды өз аумағында себепсіз бірнеше ай ұстап, жобаның іске асуын тоқтатты. Екі ел арасындағы ерегіс Орта Азиядағы трансшекаралық өзендер мәселесін бірлесіп шешу үдерісін тежеді. Алайда, билікке Шавхат Мирзиёевтің келуі жағдайды өзгертті, ол құрылысқа қарсылық білдірмеді. Ал, Сырдарияның су мөлшерін дәл бөлу оңай емес. Сырдың бастауы Қырғыз жерінде қалыптасады, Тәжікстан мен Өзбекстан арқылы Қазақстанға келеді. Қазақстан Үкіметі артық суды жинап, қажет кезде Сырдарияға жіберу үшін Оңтүстік Қазақстанда Көксарай су қоймасын салғаны белгілі. Алайда, Шардара мен Көксарай су қоймаларының сыйымдылық мүмкіндігі жеткіліксіз. Демек, трансшекаралық суларды бірлесіп қолдану жөнінде Нұр-Сұлтан мен Ташкент арасында жаңа құжат немесе бұрынғыны қайта қарап, оның орындалуын бақылайтын топ керек. 2000 жылы Қазақстан мен Қырғыз Республикасы Шу және Талас өзендерін пайдалану туралы келісімге келді. Өзендер негізінен теңдей бөлінген. Болжам бойынша ХХI ғасырдың ортасына қарай Шу өзенінің суы 25; Таластың суы 40%-ға азаюы мүмкін. Себебі, бастаудағы мұздықтар жаһандық жылыну процесінің әсерінен еру үстінде. 

Ақиқатқа жүгінсек, сөз жоқ, табиғат байлықтарының ішінде адамзаттың ең көп пайдаланатыны – су. Жер шарында пайдаланылатын тұщы су қорының 70%-ына жуығы тек егіс алқаптарын суландыру мақсатында жұмсалады. Сонымен қатар, өнеркәсіп орындары мен тұрмыстық қажеттілікке пайдаланылатын су мөлшері де тез өсіп келеді. Жер шарындағы әрбір қала тұрғыны тәулігіне орташа есеппен 150 литр су жұмсайды, ал ірі қалаларда бұл көрсеткіш одан да жоғары. Планета халқының саны өсе түскен қазіргі кездің өзінде кейбір елдерде тұщы су тапшылығы байқалады. Сондықтан, Антарктидадағы мұздықтарды ауыз суы тапшы елдерге тасымалдау, мол сулы өзендерді шөлді аудандарға бұру, теңіз суын тұщыландыру жобалары іске асырылуда. Дегенмен табиғатта қоспасы жоқ, тап-таза су дегенді таппаймыз. Таза суды тек зертханалардан ғана алуға болады. Ондай судың ешбір дәмі жоқ, онда тірі организмге қажетті тұздар да болмайды. Теңіз суының құрамында өте көп мөлшерде еріген тұздар бар, оның ішуге жарамайтыны сондықтан. Бүгіндері, ауызсу азайып барады. Адамдар суды өнеркәсіп қажетіне көп пайдаланып, оны өндіріс қалдығымен ластауда. Сондықтан адамзат баласы: «Судың да сұрауы бар», – деген ұлағатты сөздің маңызын жете түсінуі қажет.

Жағрапияға үңілсек, ғаламшарымыздың 70%-ын су алып жатыр, ал жер бетінде күніне 25 мың адам тұщы судың жетіспеуінен көз жұмады екен. Миллиардқа жуық адам жуынатын, шаруашылыққа пайдаланатын және ауыз судың тапшылығынан зардап шегуде. Холера, іш сүзегі және жұқпалы гепатит, толяремея, бруцеллез, вирустық аурулардың барлығын, атап айтқанда 80% ауруды дәрігерлер адамның ішуге пайдаланылатын суының сапасымен байланыстырады. Содан да болар, су – адамзат, жан-жануарлар мен өсімдік әлемі тіршілік көзінің ауадан кейінгі маңызды құрамы. Жалпы, адам ауқатсыз үш ай өмір сүрсе, оттегісіз бірнеше минут қана тіршілік етпек. Ал, сусыз үш тәулікке әзер шыдайды екен. Суды «жер бетінің құрылысшысы» деп те атайды. Су ауа-райын реттеп, адамзатты қажетті қормен әрі ғаламат қуатпен қамтамасыз етеді.Бірақ, жер бетіндегі сулардың барлығы бірдей ішуге, тұрмыстық қажеттілікке пайдалануға жарамды емес. Ал, адамға тұщы су қажет, оның қоры да шектеулі әрі біркелкі орналаспаған. Ғалымдардың тұжырымынша, планетамыздағы 70%-дан астам судың 3%-ы ғана ішуге жарамды деп есептеледі. Азаматтардың денсаулық жағдайын жақсарту және ауыл тұрғындарын ауыз сумен қажетті мөлшерде қамтамасыз ету мақсатында ел Үкiметiнiң қаулысымен 2002-2010 жылдарға арналған «Ауыз су» бағдарламасы іске асырылғаны белгілі. Күрмеулі мәселені түбегейлі шешу үшін іле-шала Үкімет 2011-2020 жылдарға арналған «Ақ бұлақ» бағдарламасын да қабылдады. Бағдарламада таза сумен 2020 жылға қарай ауылдық елді мекендердің 80%-ын, ал қалалардың 100%-ын қамтамасыз ету көзделген. Өкінішке орай, жобалар қабылданғанмен, өзекті мәселені түбегейлі шешу мүмкін болмай отыр. Оған суды үнемді пайдаланбау ықпал етуде, қысқасы ысырапшылдыққа жол берілуде. Сосынғы елімізде ескерілмей жатқан үлкен мәселенің бірі – жер асты суының есепсіз шығынға ұшырауы. Қазақстанның барлық қалаларында бір-бірімен жарыса салынып жатқан жекеменшік моншалар жерасты суын пайдалануда. Кейбір өндіріс орындарында да осындай келеңсіздіктер бар. Қалаларда жердің терең қабатынан таза су алып сататын мыңдаған фирмалар бар. Олардың зияндылығына, жерасты суының төмен түсіп, топырақтың беткі қабатының ылғалдылығы азайып бара жатқанына көңіл бөлінбеуде. Осынау кемшілікті қазірден бастап түземесек, келешекте қиындыққа кез боларымыз күмәнсіз. Ғалымдардың болжауынша, біз суды үнемдеуге жауапсыз қарайтын болсақ, 2100 жылдары Қазақстан халқы суға зәру болатын жағдайға жетеді.

Шағын өзендерді қорғау – қажеттілік. Республикамызда 8643 тұрақты және уақытша су ағыстары бар екені белгілі. Олардың жалпы ұзындығы  – 23 мың шақырым. Қазақстан өзендерінің ерекшелігі  – олардың біртекті таралмауында. Жер бетіндегі су қорына, әсіресе, Орталық және Батыс Қазақстан кедейлеу. Республикамыздың бүкіл жазық территориялары сирек өзен торымен сипатталады. Ойыл және Нұра бассейнінде ол бар болғаны текше шақырымға шаққанда – 0,13-0,022. Шөлейт және шөлді аудандарда өзендер жоқ деуге болады. Қалың өзен тобы Тянь-Шань, Жоңғар Алатауы мен Кенді Алтайдың таулы және тау етегіндегі аудандарында түзілген. Бірақ осы таудың сулы өзендерінің өзін суаруға пайдалануға байланысты халық тұщы судың тапшылығын сезіп отыр. Бұл республика халқынан суды ысырапсыз пайдалану мен қорғау қажеттілігі туралы ойлануды талап етеді. Олар шағын өзендер деп аталғанымен, экология тұрғысынан алғандағы маңызы үлкен. Себебі ірі өзендердің жағдайы шағын өзендерге тікелей байланысты. Осы өзендер қан тамырлары тәрізді бүкіл Қазақстан территориясын торлап жатыр. Республика өзендерінің көп бөлігі Каспий, Арал теңіздеріне Балқаш көлінің тұйық ішкі бассейндеріне келіп құяды. Су мамандарының бұл ескертпелеріне құлақ аспау  – өзің отырған ағаштың бұтағын кесумен бірдей екенін түсінетін уақыт жеткен сияқты.

 

Ермек Сахариев
17.03.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 16
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 22
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 5
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 10
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 14
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 11
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 19
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 22
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 250
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 244
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 869

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8941
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8333
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11561
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9319
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10545